Департаменттер
Мұхтар Әуезов атындағы оқу-спорт кешені (Стадион)
Сыдыков Жаукен Оспанович
Кешен меңгерушісі
Мұхтар
Әуезов атындағы оқу-спорт кешені (Стадион) Университеттің құрылымдық бөлімшесі
болып табылады және Шарттардың мониторингі және
активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.
ОСК
қызметінің негізгі мақсаты – Университеттің спорт инфрақұрылымының жұмыс
істеуін қамтамасыз ету, оқу сабақтарын, жаттығу үдерісін, жарыстарды және өзге
іс-шараларды өткізу үшін қауіпсіз әрі заманауи жағдай жасау.
Әуезов
атындағы ОСК-тің негізгі міндеттері:
- ОСК
ғимараттарының, құрылыстары мен үй-жайларының санитариялық, техникалық
және пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету, шаруашылық қызмет көрсетуді
ұйымдастыру;
- инженерлік
жүйелер мен жабдықтардың қауіпсіз пайдалануын және жарамды техникалық
жағдайын қамтамасыз ету (жылыту, желдету, сумен жабдықтау, кәріз,
электрмен жабдықтау);
- спорт
жабдықтарының, жарықтандырудың, желдетудің, сумен жабдықтаудың және өзге
инженерлік жүйелердің жарамдылығын бақылау;
- шаруашылық
және пайдалану қажеттіліктеріне бөлінетін материалдар мен қаражаттың
ұтымды жұмсалуын бақылау;
- жөндеу-пайдалану
жұмыстары үшін материалдарға, құрал-саймандарға, қосалқы бөлшектерге және
энергетикалық жабдықтарға өтінімдер әзірлеуді ұйымдастыру;
- ғимараттарды,
құрылыстарды және инженерлік коммуникацияларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын
орындауды қамтамасыз ету;
- спорт
залдарын, алаңдарды және мамандандырылған үй-жайларды оқу сабақтарын,
жаттығуларды, жарыстарды және бұқаралық іс-шараларды өткізуге дайындығын
қамтамасыз ету;
- кешен
объектілерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы,
санитарлық нормалар және өртке қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Университеттің
спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру және мәдени-бұқаралық іс-шараларын
ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- материалдық-техникалық
базаның, спорт мүліктері мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
- объектілерді
пайдалану, энергия ресурстарын тұтыну және жөндеу жұмыстары бойынша есепке
алу және есептілік жүргізу;
- кешеннің
спорт инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.