Департаменттер

«Ұстаз» оқу-өндірістік кешені

Шаяхметов Арсен Тагашевич
Шаяхметов Арсен Тагашевич

Кешен меңгерушісі

«Ұстаз» ОӨК Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Шарттардың мониторингі және активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.

ОӨК қызметінің негізгі мақсаты – Университеттің білім беру, ғылыми және өзге іс-шараларына қатысатын тұлғаларды тұруға/орналастыруға және ұйымдастырушылық сүйемелдеуге жағдай жасау, сондай-ақ ОӨК мүліктік кешенін тиімді пайдалану.

ОӨК-тің негізгі міндеттері:

  • Университет іс-шараларына қатысатын тұлғаларды, сондай-ақ өндірістік практикадан, тағылымдамадан және практикалық даярлықтың өзге түрлерінен өтетін білім алушыларды орналастыру;
  • ОӨК аумағында болатын тұлғалар үшін қауіпсіз және қолайлы тұру/болу жағдайларын қамтамасыз ету;
  • ОӨК ғимараттары, құрылыстары және инженерлік желілерінің санитариялық жай-күйін және техникалық пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  • тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жайлы тұру мен демалыс үшін жағдай жасау;
  • ішкі тәртіп қағидаларының, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы талаптардың сақталуын бақылау;
  • орналастырылатын тұлғаларды есепке алу, тиісті құжаттаманы рәсімдеу және есептілік жүргізу;
  • ОӨК мүлкінің сақталуын және материалдық-техникалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • ОӨК базасында өткізілетін оқу, ғылыми, мәдени және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
  • брондау, орналастыру және ұйымдастырушылық сүйемелдеу мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және мүліктік кешенді пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.