Департаменттер
«Агробиостанция» секторы
Тахаев Рахат Калижанович
Сектор
меңгерушісі
«Агробиостанция»
секторы Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Шарттардың
мониторингі және активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.
Сектор
қызметінің негізгі мақсаты – оқу-тәжірибелік учаскелер мен зертханалық-далалық
инфрақұрылым базасында агрономия, өсімдік шаруашылығы және егіншілік бағыттары
бойынша оқу, ғылыми және тәжірибелік-өндірістік үдерісті қамтамасыз ету.
Сектордың
негізгі міндеттері:
- студенттердің
зертханалық, практикалық сабақтарын және оқу практикаларын сапалы дайындау
мен сүйемелдеу, далалық жұмыстар мен демонстрациялық тәжірибелерді
ұйымдастыру;
- агротехнологиялар,
өсімдік шаруашылығы, егіншілік, агрохимия және сабақтас пәндер бойынша
практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау;
- ғылыми
зерттеулерді, оның ішінде далалық-тәжірибелік сынақтарды, эксперименттік
егістерді және агротехнологияларды апробациялауды ұйымдастыру және
материалдық-техникалық сүйемелдеу;
- білім
алушыларды, магистранттарды, докторанттарды (PhD), аспиранттар мен
ізденушілерді даярлау, оқыту және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
- агрономия,
өсімдік шаруашылығы және жерді ұтымды пайдалану саласында консультациялық
қызметтер көрсету;
- инновациялық
жобаларды, бағдарламаларды және заманауи агротехнологияларды білім беру
және ғылыми үдерістерге енгізу;
- гранттық,
шаруашылық-шарттық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға
қатысу;
- семинарлар,
шеберлік сыныптары, демонстрациялық көрсетілімдер және «дала күндерін»
ұйымдастыру және өткізу;
- сектордың жер
учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын және өзге
материалдық ресурстарын ұтымды пайдалану;
- егіс
алқаптары, өнімділік, материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану есебін
жүргізу және қызмет нәтижелері бойынша есептілік дайындау;
- өсімдік
шаруашылығы және егіншілік кафедрасы бағыттары бойынша сараптамалық,
консультациялық және ағартушылық қызметті жүзеге асыру;
- қызметті
жүзеге асыру кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, экологиялық
және агротехникалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету.