Стратегия және даму

Болашаққа пайым

Абай университеті 2029 жылы Орталық Азиядағы педагогикалық білім беру көшбасшысы, жаңа формациядағы педагогтар дайындайтын инновациялық алаңға айналады.

Миссия

«Біз озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде заманауи білім беру қажеттіліктерін алдын ала болжайтын педагогтерді дайындаймыз. Біз мұғалім мамандығының беделін арттырамыз және адами капиталды дамытудың драйвері боламыз».

Құндылықтар

Abai University педагог-ғалымдары, қызметкерлері мен студенттері ұжымның әрбір мүшесінің дамуы үшін жағдай жасайтын төмендегі құндылықтармен бөліседі: кәсібилік, жауапкершілік, адалдық, жұмылдырушылық, студенттік центризм, шығармашылық, көшбасшылық, икемділік.