Абай атындағы ҚазҰПУ тарихы
Тарих
1928
Құрылуы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – ғылым мен білім берудің даму бағытын анықтаған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны. 1928 жылы негізі қаланған қара шаңырақ Қазақстандағы педагогтер мен ғылыми кадрларды даярлау орталығына айналды.
1930
Алғашқы мәртебе
Университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты мәртебесін алып, елдің жетекші білім ордасына айналды.
1935
Ұлылар дәуірі
Алғашқы жылдардан-ақ мұнда көрнекті тұлғалар – реформаторлар мен ағартушылар Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов дәріс берді. 1935 жылы институтқа ұлттық даналықтың символы болған ұлы Абай есімі берілді.
1941
Сынақтар мен ерліктер
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ҚазПИ тек оқу процесін жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге Кеңес Одағының Батырларын тәрбиеледі. Олардың қатарында Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин бар.
1978
Ұлттық марапат
ҚазПИ 50 жылдығына орай жетекші педагогикалық университет ретінде ""Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1990
Қазақстандағы тәуелсіздік дәуірінің басталуы
1990 жылдың 25 қазанында елдегі тұңғыш жоғары оқу орны «университет» мәртебесіне ие болып, «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті» деп аталды. Уақыт жоғары білімді ұйымдастыруда жаңа көзқарастарды талап етті.
2003
Ұлттық мәртебе беру
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың №1201 Жарлығымен университеттің атауы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)» болып өзгертіліп, «ұлттық» мәртебе берілді.
2007
Жетістіктер
2007 жылғы 24 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ Оксфордтағы жоғары білім беру көшбасшыларының саммитінде «Біртұтас Еуропа» және «Еуропалық сапа» халықаралық марапаттарына ие болды. Сол жылы университет Мемлекет басшысының «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығымен марапатталды.
2028
Дәстүрді сақтау және болашаққа қадам
Абай атындағы ҚазҰПУ – бұл тек ғылыми орталық қана емес, сонымен қатар тарихи оқу ордасы. Университет өз негізін қалаушылардың есімін қастерлеп, әлемдік және ұлттық рейтингтердегі орнын нығайтып келеді.
1928 жылдан бергі ректорлар