Серіктес ЖОО


Халықаралық келісімдер

Abai University әлемнің 24 елінің жетекші университеттерімен 140-тан астам халықаралық келісімдер жасады, оның ішінде QS World University Rankings) және Times Higher Education World University Rankings нұсқасы бойынша әлемнің үздік 500 университетінің қатарына кіретін университеттермен 15 келісім жасалды.

1. "Жоғары Экономика мектебі" ұлттық зерттеу университеті (РФ) - 399;

2. Джордж Вашингтон университеті (АҚШ) – 340;

3. Лион жоғары педагогикалық мектебі (Франция) – 184;

4. Сиань Цзяотун университеті (ҚХР) - 291;

5. Калифорния университеті, Лос-Анджелес (АҚШ) – 29;

6. Цукуба Университеті (Жапония) - 355;

7. Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті (РФ) – 473;

8. Фридрих Александр Эрланген және Нюрнберг университеттері (Германия) – 229;

9. Гранада Университеті (Испания) - 403;

10. Экс-Марсель Университеті (Франция) – 387;

11. Констанс университеті (Германия) – 478.

12. Бомбей Үнді технологиялық институты (Үндістан) - 149;

13. Нанкай университетінің әдебиет мектебі (Қытай) - 384;

14. Қазан федералды университеті (Ресей) - 396;

15.Бордо Университеті (Франция) – 465.


Осы келісімдер академиялық алмасулар, тағылымдамалар, бірлескен зерттеулер, қос дипломды бағдарламалар, конференциялар, семинарлар, қысқы және жазғы мектептер ұйымдастыру және өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, жыл сайын жүзден астам білім алушы, сондай-ақ Abai University профессорлық-оқытушылық құрамы әлемнің озық жоғары оқу орындарындағы алмасу гранттық бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысады.


Abai University серіктес университеттерін көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1py6y9BMEgNs0M3l0WSmQBq8bpuSA15GXeOTKEfdxWZc/edit#gid=0