Тестілеу орталығы
Смағұлова Алмагүл Зарғұмарқызы


Тестілеу орталығының басшысы
Достық даңғылы,13
8(727) 291-57-50
a.smagulova@abaiuniversity.edu.kz
Тестілеу орталығы тест тапсырмаларын әзірлеуге және білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыруға байланысты процестерді жүзеге асырады.
Тестілеу орталығының негізгі міндеттері:
- тест тапсырмаларын әзірлеуге байланысты мәселелерді қамтамасыз ету және шешу;
- тестілеуді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
- компьютерлік тестілеудің әртүрлі түрлерін әзірлеуді жүзеге асыру;
- университеттік білім берудің әртүрлі пәндері мен курстары бойынша тест тапсырмаларының базасын қамтамасыз ету;
- университеттің кафедраларымен және өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, басқа жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен тест тапсырмаларын өткізу және әзірлеу саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- Кредиттік оқыту жүйесі бойынша құжаттаманы жүргізу.
Тестілеу орталығының негізгі функциялары:
- емтихан сессиясына арналған пәндер тізбесін анықтау;
- академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесіп тест емтихандарын өткізу кестесін жасау;
- тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру;
- емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу;
- олимпиадалардың түрлі бағыттарын (студенттер мен оқушылар арасында)тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
- Қашықтықтан оқытудың аралық бақылауын ұйымдастыру және жүргізу.