Департаменттер
Басты бет
Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаментінің директоры
Физика-математика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
+7(727)-291-10-22
g.baimbetova@abaiuniversity.edu.kz
Департаменттің негізгі мақсаты – 2023-2029 жылдарға арналған Abai University даму бағдарламасында белгіленген жоспарларды – педагогикалық-зерттеу университетіне трансформациялау үдерісінде ғылыми кадрларды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, ғылыми зерттеулер мен білім беру сапасын жақсарту саласындағы саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды
даярлау департаментінің негізгі атқаратын қызметтері мен міндеттері:
–
оқытушылар құрамы мен білім алушылар (студенттер, магистранттар және
докторанттар) арасында зерттеу мәдениетін насихаттау;
–
Диссертациялық кеңестерінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
–
Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс істеуін қамтамасыз ету – ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату, оның зерттеулерді
орындаушының этикалық нормаларды сақтауын бақылау;
–
Білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың заманауи талаптарына жауап
беретін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
–
Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және олардың еңбек нарығындағы жоғары
кәсіби мамандар ретіндегі сұранысын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды
инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі ғылыми қызметке тарту;
–
Ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті дамыту бағыттары бойынша
Ғылыми – консультативтік кеңес - алқалы органының табысты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
–
Жас зерттеушілер кеңесінің жұмысын жандандыру;
–
ПОҚ ғылыми әлеуетін арттыру.
– Ғылыми және тұлғалық өсу, ғылымның жас кадрларын рекрутингтеу
мақсатында ғылыми зертханалар мен орталықтарда магистранттар мен PhD
докторанттарын акселерациялау және инкубациялау әдістерін дәйекті енгізу;
– ғылыми-педагогикалық кадрлар мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу
жұмыстарына белсенді тарту, Қоғамның жеке ғылыми мектептерін қалыптастыру және
дамыту;
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ), сондай-ақ өзге де
ұйымдардың гранттық қаржыландыруы шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қоғамның меншікті қаражаттары
есебінен іске асырылатын жобаларды үйлестіру, ғылыми-зерттеу жобалары бойынша
мониторинг жүргізу және нормалық бақылауды қамтамасыз ету;
– Ғылыми кадрлардың әлеуетін нығайту және олардың ғылыми мобильдігін арттыру мақсатында дарынды студенттерді ғылыми жобаларға тарту, сондай-ақ постдокторанттар мен профессор-зерттеушілердің белсенді қатысуы арқылы ғылыми кадрлардың сапасын жетілдіру.
Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды
даярлау департаменті келесі бөлімдерден тұрады:
1)
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы;
2) Жобалық кеңсе.