Департаменттер
Жобалық кеңсе
Жобалық кеңсе жетекшісі
Магистр
a.alimkul@abaiuniversity.edu.kz
Жобалық кеңсе 2021 жылы құрылған «Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті» КеАҚ Ғылым департаментінің құрылымдық бөлімшесі.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты Abai University 2023-2029
жылдарға арналған даму бағдарламасының «Abai University - педагогикалық зерттеу
университеті» 2 Стратегиялық бағытын іске асыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі
міндеттер айқындалды:
– Қазақстан Республикасы ҒЖБМ және басқа да ұйымдардың және
бағдарлы-нысаналы қаржыландырылатын ғылыми жобалары, университеттің өз қаражаты
есебінен ЖОО ішілік гранттар, келісім-шарттық жұмыстар, шетелдік серіктестермен
бірлескен ғылыми зерттеулер аясындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша
жұмыстардың мониторингі;
– ҚР ҒЖБМ, Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы ҚР ҰҒА, «ҰМҒТСО» АҚ тапсырысы бойынша басшылыққа арналған ғылыми
зерттеулер бойынша жылдық есептерді, ақпараттық материалдарды дайындауды
ұйымдастыру және бақылау;
– жобаларға талантты студенттерді, постдокторанттар мен
профессор-зерттеушілерді кеңінен тарту есебінен ғылымның кадрлық әлеуетінің
және ғылыми кадрлардың ұтқырлығының сапасын арттыру;
– профессор-зерттеуші және постдокторлық бағдарлама
стипендиаты лауазымдарына конкурстар өткізу;
– ғылыми-консультативтік кеңестің жұмысын үйлестіру.