Департаменттер

Басты бет

Таттибаева Эльвира Мусабековна
Таттибаева Эльвира Мусабековна

Стратегия департаментінің директоры

Әлеуметтік ғылымдарының магистрі

+7(727) 291-40-86

e.tattibaeva@abaiuniversity.edu.kz

Стратегия департаментінің негізгі мақсаттары:

– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) ұйымдастыру, жоспарлау, сүйемелдеу, өзектендіру,
– құрылымдық бөлімшелердің Қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару процесін іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру.

Негізгі міндеттер:

1) Қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу процесін үйлестіру, олардың орындалуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;
2) университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамның қатысуы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
3) қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін үйлестіру.

Стратегия департаментінің функциялары:

– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу жөніндегі процесті ұйымдастыру;
– стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық мақсаттарды әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау жөніндегі стратегиялық сессияларды, іс-шараларды өткізу);
– қоғамды дамыту жөніндегі түйінді стратегиялық құжаттарды қалыптастыру;
– қоғамды дамыту Стратегиясының (Бағдарламасының) және оны іске асыру жөніндегі жоспарлардың орындалуын мониторинг жолымен бақылау;
– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды талдауды және өзектендіруді қамтамасыз ету;
– қоғамды дамыту Стратегиясы (Бағдарламасы) бойынша құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызметтер көрсету;
– университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамды ілгерілету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
– қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша үйлестіруді, қажетті талдама және әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету;
– ықтимал теріс фактілердің алдын алуға немесе қысқартуға бағытталған тәуекелдер менеджментін енгізу және жетілдіру.