Департаменттер
Басты бет
Стратегия департаментінің директоры
Әлеуметтік ғылымдарының магистрі
+7(727) 291-40-86
e.tattibaeva@abaiuniversity.edu.kz
Стратегия департаментінің негізгі мақсаттары:
– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) ұйымдастыру,
жоспарлау, сүйемелдеу, өзектендіру,
– құрылымдық бөлімшелердің Қоғам деңгейінде
тәуекелдерді басқару процесін іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
Негізгі міндеттер:
1) Қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске
асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу процесін үйлестіру, олардың орындалуына
мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;
2) университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамның қатысуы
бойынша жұмыстарды үйлестіру;
3) қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді
қамтамасыз ету үшін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторингке,
бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін үйлестіру.
Стратегия департаментінің функциялары:
– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске
асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу жөніндегі процесті ұйымдастыру;
– стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және
қамтамасыз ету (стратегиялық мақсаттарды әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға қол
жеткізу тәсілдерін пысықтау жөніндегі стратегиялық сессияларды, іс-шараларды
өткізу);
– қоғамды дамыту жөніндегі түйінді стратегиялық құжаттарды
қалыптастыру;
– қоғамды дамыту Стратегиясының (Бағдарламасының) және оны
іске асыру жөніндегі жоспарлардың орындалуын мониторинг жолымен бақылау;
– қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске
асыру жөніндегі жоспарларды талдауды және өзектендіруді қамтамасыз ету;
– қоғамды дамыту Стратегиясы (Бағдарламасы) бойынша
құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызметтер көрсету;
– университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамды ілгерілету
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
– қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша
үйлестіруді, қажетті талдама және әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету;
– ықтимал теріс фактілердің алдын алуға немесе қысқартуға
бағытталған тәуекелдер менеджментін енгізу және жетілдіру.