Департаменттер

Басты бет

Абсатова Марфуга Абсатовна
Абсатова Марфуга Абсатовна

Ғылым департаментінің директоры

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РЖА корреспондент-мүшесі, ЖОО Үздік оқытушысы (2012, 2024), Болашақ халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021), Абай атын.ҚазҰПУ Үздік оқытушысы (Цифрлы педагог 2022)

Қазыбек би 30, 201 кабинет

m.absatova@abaiuniversity.edu.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті университеттің барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Мақсаты – ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, ғылыми әлеуетті және ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын барынша толық пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету.

Департаменттің функциялары:

- Қоғамның профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) ғылымиметриялық қызметінің деректер базасын қалыптастыру;

- Қоғам ПОҚ-ның халықаралық дерекқорларда (Web of Science, Scopus және т. б.) жариялау белсенділігі бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

- Қоғамның ПОҚ-на Web of Science, Scopus және т. б. халықаралық ақпараттық ғылыми деректер базаларымен жұмыс бойынша әдістемелік көмек көрсету;

- енгізілетін журналдардың жұмысын, ғылыми журналдардың импакт-факторларының өсу серпінін үйлестіру, шығарылымның мазмұны мен полиграфиясының сапасын бақылау (редакциялық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, дәйексөз алу көрсеткіштері жоғары авторларды тартуға жәрдемдесу, техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру, журнал сайттарын жүргізу);

- жаңа технологияларды, әдістемелер мен шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру;

- ғылыми, инновациялық және білім беру қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде зерттеулер, сараптамалар, семинарлар мен конференциялар өткізу;

- ғылым, білім беру, мәдениет және әлеуметтік саланың интеграциясын дамыту, сондай-ақ өз құзыреті шегінде университеттің мүдделерін таныстыру және ілгерілету;

- Abai Labs ҒИП қызметін жоспарлау, үйлестіру және қамтамасыз ету, оның ішінде ресурстарды басқару, есептілік дайындау және университет басшылығының тапсырмаларын орындау;

- Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің қызметін үйлестіру; 

- Университеттің стартап-экожүйесін дамыту; 

- Стартап-жобалар конкурстарын өткізу және кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша инкубациялық курс  ұйымдастыру; 

- Университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамына ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, технологиялар трансфері және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету.

Ғылым департаменті келесі бөлімдерден тұрады:

1) Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығы;

2) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру офисі;

3) 9 ғылыми зертхана мен 4 ғылыми орталықты қамтитын Абай LABS ғылыми-инновациялық паркі.

Бөлімдер өз жұмыстарын тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс жоспарлары, нысандары сапа менеджменті жүйесінде көзделген есептер негізінде жүзеге асырады. Жыл сайын Ғылыми кеңесте ҒЗЖ туралы есеп тыңдалады.