Департаменттер
Басты бет
Ғылым департаментінің директоры
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РЖА корреспондент-мүшесі, ЖОО Үздік оқытушысы (2012, 2024), Болашақ халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021), Абай атын.ҚазҰПУ Үздік оқытушысы (Цифрлы педагог 2022)
m.absatova@abaiuniversity.edu.kz
Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті университеттің
барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен
үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Мақсаты –
ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, ғылыми әлеуетті және ғылыми
зерттеулердің материалдық-техникалық базасын барынша толық пайдалану мен
дамытуды қамтамасыз ету.
Департаменттің функциялары:
- Қоғамның профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ)
ғылымиметриялық қызметінің деректер базасын қалыптастыру;
- Қоғам ПОҚ-ның халықаралық дерекқорларда (Web of Science,
Scopus және т. б.) жариялау белсенділігі бойынша ақпараттық-талдау
материалдарын дайындау;
- Қоғамның ПОҚ-на Web of Science, Scopus және т. б.
халықаралық ақпараттық ғылыми деректер базаларымен жұмыс бойынша әдістемелік
көмек көрсету;
- енгізілетін журналдардың жұмысын, ғылыми журналдардың
импакт-факторларының өсу серпінін үйлестіру, шығарылымның мазмұны мен
полиграфиясының сапасын бақылау (редакциялық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру,
дәйексөз алу көрсеткіштері жоғары авторларды тартуға жәрдемдесу, техникалық
талаптарға сәйкестігін тексеру, журнал сайттарын жүргізу);
- жаңа технологияларды, әдістемелер мен шешімдерді әзірлеуге
және енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды жүзеге
асыру;
- ғылыми, инновациялық және білім беру қызметін
ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде
зерттеулер, сараптамалар, семинарлар мен конференциялар өткізу;
- ғылым, білім беру, мәдениет және әлеуметтік саланың
интеграциясын дамыту, сондай-ақ өз құзыреті шегінде университеттің мүдделерін
таныстыру және ілгерілету;
- Abai Labs ҒИП қызметін жоспарлау, үйлестіру және
қамтамасыз ету, оның ішінде ресурстарды басқару, есептілік дайындау және
университет басшылығының тапсырмаларын орындау;
- Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру кеңсесінің қызметін үйлестіру;
- Университеттің стартап-экожүйесін дамыту;
- Стартап-жобалар конкурстарын өткізу және кәсіпкерлік
негіздерін оқыту бойынша инкубациялық курс ұйымдастыру;
- Университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар
құрамына ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру,
технологиялар трансфері және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша
консультациялық қолдау көрсету.
Ғылым департаменті келесі бөлімдерден тұрады:
1) Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығы;
2) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру офисі;
3) 9 ғылыми зертхана мен 4 ғылыми орталықты қамтитын Абай
LABS ғылыми-инновациялық паркі.
Бөлімдер өз жұмыстарын тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс жоспарлары, нысандары сапа менеджменті жүйесінде көзделген есептер негізінде жүзеге асырады. Жыл сайын Ғылыми кеңесте ҒЗЖ туралы есеп тыңдалады.