Департаменттер
Тәуекелдерді бағалау бөлімі
Тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы
e.kussainov@abaiuniversity.edu.kz
Бөлімнің негізгі мақсаты – Қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару процесін енгізу бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру.
Бөлім міндеттері:
– қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін үйлестіру;
– ықтимал жағымсыз фактілердің алдын алуға немесе азайтуға бағытталған тәуекелдерді басқаруды енгізу және жетілдіру.
Негізгі мақсатты іске асыру және міндеттерге қол жеткізу үшін Бөлім келесі функцияларды орындайды:
– тәуекелдерді анықтау және бағалау бойынша мониторинг жүргізу, тәуекелдер тізілімі мен картасын, тәуекел көрсеткіштерін жасау, жылына екі рет тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмыстарды талдау және бақылау;
– іске асырылған тәуекелдер тізілімін жүргізу, тәуекелдерге елеулі әсер етуі мүмкін факторларды қадағалау;
– тәуекелдерді басқару саясатын жаңартуды қамтамасыз ету;
– қоғамның тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және басқаруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді тиімді басқаруды ұйымдастыру;
– қоғамның құрылымдық бөлімшелерін анықталған тәуекелдер туралы хабардар ету;
– тәуекелдерді басқару саясатының іске асырылуын бақылау және оны бұзу фактілері туралы Департамент директорын хабардар ету;
– тәуекелдер менеджменті мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету, тәуекелдер менеджменті бойынша қызметкерлердің құзыреттерін нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.