Департаменттер

Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы

Хорғасбай Еңлік Тоқболатқызы
Хорғасбай Еңлік Тоқболатқызы

Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы м.а.

PhD   

Қазыбек би 30; каб. 211

e.khorgasbai@abaiuniversity.edu.kz

Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқарманың негізгі міндеті университеттің ғылыми-инновациялық қызметінің тиімділігін молайту, генерациялау және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында жоғары дәрежелі ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

– Факультеттердегі/институттағы ҒЗЖ және СҒЗЖ (МҒЗЖ, ДҒЗЖ) үйлестіру;

– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен университеттің жыл сайынғы іс-шаралар жоспарына енгізілген халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың уақытылы өткізілуін үйлестіру және бақылау;

– Ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияларды, атаулы сыйлықтарды тағайындауға арналған конкурстарды жоспарлау және ұйымдастыру;

– Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының 1 және 2 кезеңдерін ұйымдастыру және үйлестіру;

– «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысушылардың құжаттарын талапқа сай ресімдеу және ақпараттық жүйеге жүктеу.