Департаменттер

«Ұлағат» баспасы

«Ұлағат» баспасы Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Шарттардың мониторингі және активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.

Баспаның негізгі мақсаты – білім беру және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған Университеттің баспа қызметін ұйымдастырушылық, редакциялық-техникалық және өндірістік тұрғыдан қамтамасыз ету.

Баспаның негізгі міндеттері:

  • Университеттің редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен электрондық басылымдарды шығару;
  • ғылыми-зерттеу қызметі мүддесінде ғылыми, анықтамалық, монографиялық және өзге әдебиеттерді басып шығару;
  • жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік ғылымдар бойынша қолжазба жұмыстарын белгіленген тәртіппен сақтауға дайындау;
  • материалдарды редакциялық өңдеу (әдеби және ғылыми редакциялау, корректура, техникалық редакциялау, беттеу және дизайн);
  • басылымдарға халықаралық стандартты кітап нөмірлерін (ISBN) беру және баспа стандарттары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • қолжазбаларды рецензиялауды ұйымдастыру және авторлармен, ғылыми редакторлармен, рецензенттермен өзара іс-қимыл жасау;
  • түпнұсқа-макеттерді баспаға дайындау және полиграфиялық өндірісті сүйемелдеу;
  • электрондық басылымдарды шығару, жарияланымдарды цифрлық форматта және Университеттің ресми ресурстарында орналастыру;
  • шығарылған өнім бойынша есепке алу және есептілік жүргізу, баспа портфелін қалыптастыру және шығарылымды жоспарлау;
  • авторлық құқық және сабақтас құқықтар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • баспа өнімін ілгерілетуге қатысу, көрмелерде, конкурстарда және ғылыми іс-шараларда басылымдарды таныстыру;
  • баспа қызметін дамыту және жариялаудың заманауи цифрлық технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.