Департаменттер

Активтерді басқару бөлімі

Активтерді басқару бөлімі Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Шарттардың мониторингі және активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – Университет активтерін тиімді, ұтымды және экономикалық негізделген басқаруды қамтамасыз ету, мүліктің сақталуын, табыстылығын арттыруды және активтердің құнын ұлғайтуды көздеу.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • табыс алу және орнықты экономикалық қайтарымын қамтамасыз ету мақсатында Университет активтерін тиімді басқару;
  • активтерді басқару саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру және мүліктік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету;
  • активтерді басқару саласындағы стратегиялық мақсаттарды, басымдықтарды және саясатты іске асыру тетіктерін айқындау;
  • Университеттің мүліктік кешенін басқару, есепке алу, жүйелеу және дамыту (жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар және өзге де активтер);
  • активтерді пайдаланудың тиімділігін талдау және оларды оңтайландыру, жаңғырту, жалға беру, иеліктен шығару немесе шаруашылық айналымға өзге түрде тарту бойынша ұсыныстар дайындау;
  • активтердің сақталуын қамтамасыз ету, мақсатты пайдаланылуын және мүлікті иеліктен шығару/пайдалану рәсімдерінің сақталуын бақылау;
  • активтерді сатып алу, иеліктен шығару, жалға беру және өзге де билік етуге байланысты мәмілелерді дайындауға және келісуге қатысу;
  • активтер тізілімін жүргізу, деректерді өзектендіру және мүлікті басқару мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыру;
  • активтерді басқаруға байланысты мүліктік және қаржылық тәуекелдерді анықтау және бағалау, оларды азайту бойынша ұсыныстар дайындау;
  • бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, бағалаушылармен, аудиторлармен және өзге контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау.