Департаменттер
Мониторинг және талдау бөлімі
Даниярова Гаухар Нуркешевна
Бөлім
басшысы
Мониторинг
және талдау бөлімі Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және
Шарттардың
мониторингі және активтерді басқару департаментінің құрамына кіреді.
Бөлімнің
негізгі міндеттері:
- Университеттің
өндірістік, әкімшілік және қамтамасыз ету үдерістерінің тиімділігін
мониторингілеу және кешенді талдау;
- мемлекеттік
сатып алу шарттары және өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша
міндеттемелердің орындалуын мониторингілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру
(мерзімдер, көлемдер, құн және орындалу сапасын бақылау);
- Университет
қаражатының жұмсалу тиімділігін талдау, оның ішінде жоспарлы және нақты
көрсеткіштерді салыстыру;
- шығындарды
оңтайландыру, өнімділікті арттыру және ресурстарды ұтымды пайдалану
мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
- құрылымдық
бөлімшелер қызметіндегі ауытқуларды, бұзушылықтарды және тиімсіздік
факторларын анықтау, тиісті талдамалық қорытындылар дайындау;
- басқарушылық
есептілікті қалыптастыру, талдамалық анықтамалар, баяндамалар және
Университет басшылығына ұсыныстар әзірлеу;
- мониторинг
әдіснамасын, тиімділік көрсеткіштері жүйесін және нәтижелілікті бағалау
құралдарын әзірлеуге қатысу;
- шарттық
міндеттемелердің орындалуына және өндірістік үдерістердің іске асуына
байланысты тәуекелдерді талдау және оларды азайту бойынша ұсыныстар
дайындау;
- мониторинг
және талдамалық жұмысқа қажетті ақпаратты ұсыну мәселелері бойынша
Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- шарттар,
тиімділік көрсеткіштері және талдамалық ақпарат бойынша дерекқорлар мен
тізілімдерді жүргізу.