Департаменттер
«Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығы
«Хәкім Абай» ұлттық
тәрбие орталығының басшысы
zh.jaimakhanova@abaiuniversity.edu.kz
Оразалы Досбосынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі
a.zhetebayev@abaiuniversity.edu.kz
«Хәкім Абай» ұлттық
тәрбие орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
– білім беру
ұйымдарының оқушылары арасында ұлттық-патриоттық тәрбие беру;
– колледж оқушылары,
жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында
ұлттық-патриоттық тәрбие беру;
– балалар мен жастарға
ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайтуға және дамытуға бағытталған
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: ғылыми-әдістемелік конференциялар,
дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жұмыс кездесулері, ақпараттық
бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар;
– ұлттық-патриоттық
тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде
консультациялар өткізу;
– университет сайтында
және әлеуметтік желілерде орталық қызметін көрсету;
– Орталықтың қызметін
жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
– тұлғатану
мәселелеріне қатысты іс-шараларды (конференциялар мен семинарлар және дөңгелек
столдар) ұйымдастыру және өткізу көзделеді;
– тұлғалар тағылымын,
үлгі-өнегесін, мұраларын насихаттау, дәріптеу бағыты - жас ұрпақты
отансүйгіштікке тәрбиелеу, әйгілі бабалардың биік бәсекелік қабілетін
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Оразалы Досбосынов
атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебінің қызметі:
– студенттердің
шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени іс-шараларды (айтыс, ақындық
мүшәйралар, белгілі тұлғалармен кездесулер, белгілі ақындармен шеберлік
сабақтары және т.б.) өткізеді;
– шығармашылық
одақтармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланысты үйлестіреді,
студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі;
– дарынды оқушыларды
анықтау жұмыстарын жүргізеді (айтысшы ақындар мен жазба ақындарды және шығарма
жаза алатын, дәстүрлі әндерді айта алатын, т.б. дарындарды іріктеу);
– дарынды
студенттердің университетте ғана емес, қалалық, облыстық, республикалық
байқаулар мен іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетеді.