Департаменттер

Басты бет

Манапбаев Нұрболат Бекболатұлы
Манапбаев Нұрболат Бекболатұлы

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры

Магистр

Достық 13, Бас оқу ғимараты, 518 кабинет

n.manapbayev@abaiuniversity.edu.kz

Таджибай Меруерт Мұратқызы
Таджибай Меруерт Мұратқызы

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары

Магистр

m.tadzhibai@abaiuniversity.edu.kz

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің мақсаты:

– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу;
–  білім алушыларды гуманитарлық, рухани және әлеуметтік тұлға, кәсіби тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі дамыту үшін қолайлы орта мен оңтайлы жағдайлар жасау арқылы білім беру ұйымындағы тәрбие деңгейін арттыру;
–  білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық денсаулығын қолдау және нығайту, білім беруді ұйымдастыруда қолайлы психологиялық климат құру және оқу-тәрбие процесіне  қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету;
–  қоғамда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Міндеттері:

– студенттердің мәдени көкжиегін кеңейту, олардың жоғары моральдық қасиеттері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру;
– білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға және тұлғаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;
– студенттерде адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды, қажеттіліктерді, этикалық нормаларды және Қоғамдағы жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қалыптастыру;
– қоғам студенттерінің өздеріндегі жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасау;
– білім алушылар үшін шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер ұйымдастыру;
– әр адамның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
– студенттердің асоциалды және аутодеструктивті мінез-құлық көріністерінің алдын алу және анықтау;
– студенттердің бейімделу мәселесінде әлеуметтік-психологиялық үрдістерді ұйымдастыру;
– студенттердің эмоционалдық-психологиялық қиындықтары мен мәселелерін алдын-алу және шешу үшін психодиагностика, психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
– студенттердің позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастыру;
– студенттермен тиімді кәсіби қызмет пен жетістікке жету үшін қажетті психологиялық біліммен бөлісу;
– қоғам басшылығына корпоративтік мәдениетті нығайтуға көмектесу;
– психологиялық қолдау қызметінің негізгі бағыттары бойынша студенттерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және профессор - оқытушылар құрамын психологиялық қолдау қызметі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
– студенттерге оқу қиындықтары мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуде психологиялық қолдау көрсету;
– Басқарма Төрағасы - Ректорымен жүктелген міндеттерді, жарғылар мен бұйрықтарды орындау;
– қоғам Жарғысының талаптарын, Ішкі тәртіп және жатақханада тұру ережелерін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен магистранттарының Әдеп кодексінің негізгі ережелерін орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізу;
– департаментке келіп түсетін студенттердің барлық арыз-талаптары мен өтініштерін дер кезінде қарастыру;
– департаменттің Ережесі мен оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу;
– студенттердің әлеуметтік маңызы бар ұсыныстарын қолдау;
– студенттердің әлеуметтік тұрмысына және оқуы мен демалысына қажетті жағдайларды жасауға ықпал ету.

Функциялары:

– қоғам студенттерімен мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмысының жылдық жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
– мәдени-бұқаралық жұмысты жақсарту, патриоттық тәрбие, құқық бұзушылықтардың және экстремизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттылық пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізу;
– қоғамның институттары мен бөлімшелері ұйымдастыратын тәрбие жұмысына талдау жүргізу;
– тәрбие, әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың озық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу;
– қоғамдағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
– студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру;
– әлеуметтік осал студенттердің базасын қалыптастыру және осы бағыт бойынша жұмысты үйлестіру;
– ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын дамыту және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
– тәрбие, әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар дайындау және жариялау;
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған әдістемелік аясында қызмет атқару, әлеуметтік мәселелер бойынша жол карталарын даярлау, тәрбие бағытында атқарылатын шараларды Қоғам басшылығының келісімен ұйымдастыру.

Our social networks:

Instagram

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті»коммерциялық емес акционерлік қоғамының жатақханасының ішкітәртібі жөніндегі Қағидалары