Департаменттер
Жастар ісі жөніндегі бөлім
«Жастар ісі жөніндегі комитет» қызметі 2003 жылдың қазан айында университет ректоры Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлының бастамасымен құрылған.
Мақсаты - студенттердің бос уақытын белсенді пайдалану; бәсекеге қабілетті тұлға мен оның дамуына ықпал ету; жастардың патриоттық, шығармашылық және психологиялық потенциалдарын көрсетіп, жетілдіру; білім алушылардың қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында жан-жақты дамуы және белсенді болуы үшін жағдай жасау болып табылады.
«Жастар ісі жөніндегі комитет» басты міндеттері:
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске
асыруға, студент жастардың әлеуметтік қорғалуын және құқықтық қорғалуын
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
– отансүйгіштік, рухани-адамгершілік университет жастарының
санасына таныстыру;
– құрылған мүдделер мен өзін-өзі басқару клубтарының,
университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
– студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, сыбайлас
жемқорлықтың және діни экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру;
– қоғамдық-саяси, адамгершілік, этномәдени және салауатты
өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру;
– студенттер арасында темекі шегуді азайту, нашақорлықпен
күресу мақсатында сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу;
– университеттің мәдени-көпшілік және мерекелік
іс-шараларының жоспарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау;
– іс-шараларды университеттің институттары мен құрылымдық
бөлімшелерімен тығыз байланыс ұстап отырып ұйымдастыру;
– студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен
сұраныстарын зерттеу;
– студенттерге атақты ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен
кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер
өткізу;
– студеттік өзін-өзі басқару ұйымдарының, студенттік кеңестер
мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру;
– мемлекеттік жастар саясатына қатысты басшылық пен басқа да
ұйымдардың тілек-талаптарына жауап дайындау;
– Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғалмаған тобына
жататын студенттердің (көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, жетім
студенттер, т.б.) мәліметтер базасын жаңартып және толықтырып отыру;
– студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу шараларын
өткізу.
«Жастар ісі жөніндегі комитет» функциялары:
– студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық
қабілеттерін дамыту;
– студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік
дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;
– студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік
жиналыстарға) жұмысына қатысуы, институттағы студенттік өмір мәселелері бойынша
бірлесіп шешім қабылдау;
– студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау.