Департаменттер
Мәдениет және шығармашылық бөлімі
Мәдениет және шығармашылық бөлімінің жетекшісі
Достық 13, Бас оқу ғимараты, 424 кабинет
aqnur.tanat@abaiuniversity.edu.kz
Жастар шығармашылығы бөлімінің мақсаты - студенттердің рухани мүмкіндіктерін дамыту, білімгерлердің мәдени-рухани қасиеттерін арттыру, студент жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыру. Талантты жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануды, жаңа тың көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.
Жастар шығармашылығы бөлімінің міндеті:
– университеттің шығармашылық үрдісін ұзақ мерзімді және
ағымдық жоспарлау және іске асуын қамтамасыз ету;
– жауапкершілік, еңбексүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани
құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған шаралар арқылы студенттерге тиімді
университеттік орта қалыптастыру;
– іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– студенттер бойында эстетикалық және мәдени құндылықтарды
қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
– қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де
бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату;
– университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту;
– жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын
көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру;
– шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне,
мәдени- іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің
мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру.
Жастар шығармашылығы бөлімінің қызметі:
– жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша
университетішілік іс-шаралар өткізу;
– студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша
қызметтер, атап айтқанда зиянды әдеттер, ВИЧ-инфекция, есірткінің таратылуы,
т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
– университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық
тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті,
конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын,
шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда
әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру;
– шығармашылық ұжымдардың, би ансамблі, вокалды-аспаптар
ансамблі, студиялардың, вокалистердің, студенттер театрының жастарымен жұмыс
істеу;
– университет қабырғасында өтетін іс-шараларды музыкалық
аппараттармен және жарықпен қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық әлеуеттерін
ашу мақсатында шараларды ұйымдастыруға көмектесу;
– тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар,
тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер және т.б. іс-шараларды
ұйымдастыру.