Департаменттер
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім басшысы
Әлеуметтік-тәрбие бөлімінің мақсаты – жоғары оқу орны мен студенттердің тәрбие жұмысын үйлестіру мен әлеуметтік сұрақтарды шешу, жастардың бойында азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыта отырып, жоғары кәсіби мәдениетті, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман тұлға қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру.
Әлеуметтік-тәрбие бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
– университетте ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
– ел азаматтарының татулығын, келісімі мен бірлігін насихаттау, студенттерді
толеранттылыққа, өзге халықтардың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау
және жастардың отанға деген патриоттық сезімін нығайту;
– студенттік ортада кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм және
терроризмнің таралуының алдын алу жұмыстары;
– Абай атындағы ҚазҰПУ қалыптасқан дәстүрлерді сақтау, университет тарихын және
бейнесін кеңінен насихаттау;
– студент жастардың әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық мәселелерін шешуге ат
салысу;
– интелектуалды, мәдениетті тұлға қалыптастыруға, адамгершілік-этикалық және
дене тәрбиесі бағытында дамуға жағдай жасау;
– университеттегі тәрбие жұмыстарының әдістемелік негізін қалыптастыру;
– еліміздің өзге өңірлерінен келген студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету,
бірінші кезекте жатақханаларда орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру;
– халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді ЖОО мен қоғамдық
өмірге белсенділікке тарту;
– ақылы бөлімде білім алатын студенттердің оқу ақысына жеңілдік беру барысын
қадағалау;
– студенттер арасындағы діни экстремизм, құқықбұзушылық, жемқорлық сипатындағы
жағымсыз көріністердің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге ат салысу;
– студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен танымдық-зияткерлік деңгейін
көтеру жайлы аналитикалық-ақпараттық материалдар дайындау;
– университеттегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша:
– мемлекеттік тіл саясатын қолдау, түсіндіру;
– ұлтаралық келісімді насихаттау;
– адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
– студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
– профессор-оқытушылар құрамының студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізген
кездегі белсенділігін анықтау тұрғысынан ретроспективалы талдау жүргізу;
– университет институттарының деканаттарымен жұмыс;
– қоғамдық студенттік ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру тұрғысынан көмек
көрсету;
– студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– мүмкіндігі шектеулі студенттерге көмек көрсету кезінде, сондай-ақ білімгермен
күрделі жағдайлар орын алғанда кураторлармен, ата-аналармен (оларды
алмастыратын адамдармен), әлеуметтік қызметтегі мамандарымен өзара әрекеттесу;
– қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен
байланыс орнату;
– жатақханада тұратын студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелік және қоғамдық
жұмыстар ұйымдастыру, студенттерге тұрғын үй және тұрмыстық мәселелерді шешуге
көмек көрсету.
Қызметтері
– ҚР қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына
сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлау және бақылау, ақпараттық-ұйымдастырушылық
қамтамасыз ету және оны университетте жүзеге асыру;
– жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік
іс-шаралар өткізу;
– студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қызметтер, атап
айтқанда темекі тарту, АҚТҚ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу
шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
– университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары
мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті
қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға
бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– студенттердің әлеуметтік сұрақтарын шешуде көмек көрсету, жетім балалар және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге
қолдау көрсету мақсатында қала, облыстың мүдделі ұйымдарымен бірлесіп жұмыс
атқару;
– өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті
жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін
әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру;
– тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер,
конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер, т.б., ұйымдастыруға ықпал ету;
– университеттегі қоғамдық тәртіпті, жатаханада тұру ережелерін, ішкі тәртіп
бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар мен бақылауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру.