Департаменттер

«ЮНЕСКО» кафедрасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің қолдауымен университеттің барлық факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамына арналған  «ЮНЕСКО бюллетенін» шығаруды бастайды.

Бюллетеньнің мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) идеяларын кеңінен насихаттау, ЮНЕСКО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың жаһандық құжаттарын таныстыру, білім беру саласындағы инновациялар мен озық тәжірибелерді тарату, сондай-ақ академиялық қауымдастықтың тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамалар туралы хабардарлығын арттыру.