Департаменттер

Академиялық ұтқырлық бөлімі

Есим Мерей Муратулы
Есим Мерей Муратулы

Академиялық ұтқырлық бөлімі басшысы

Достық даңғылы 13, бас ғимарат, 102А

m.yessim@abaiuniversity.edu.kz

Усимбекова Алуа
Усимбекова Алуа

Академиялық ұтқырлық бөлімінің бас маманы

Асқаров Жасұлан
Асқаров Жасұлан

Академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекші маманы

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Академиялық ұтқырлық бөлімінің негізгі міндеттері:

·    жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен қарым-қатынастарды кеңейтуге және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік университеттермен шығармашылық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;

·         университеттің халықаралық байланыстарын ұйымдастыру және кеңейту;

·         университет қызметкерлері мен білім алушыларын шетелдегі жоғары білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы ақпараттандыру;

·         профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға халықаралық алмасуларды, тағылымдамаларды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ықпал ету;

·     профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың халықаралық гранттарға, жобаларға, конкурстарға және алмасу бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

·    жоспарланған халықаралық симпозиумдар, коллоквиумдар және өзге де іс-шаралар туралы (соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ қатысатын) директораттардың құрылымдық бөлімшелерін уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру және оларды өткізуге қатысу;

·         университеттің білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда, халықаралық көрмелерде мүдделерін білдіру;

·    білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе ғылыми тағылымдамадан өтуді қоса алғанда) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) білім алу немесе зерттеу жүргізу мақсатында ауысуын үйлестіру;

·    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың нормативтік құжаттарына сәйкес академиялық ұтқырлық пен ғылыми тағылымдаманың барлық түрлері мен нысандары бойынша білім алушылардың шетелге шығуы және оралуы кезінде құжаттарды рәсімдеуді үйлестіру;

·         академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен, өзге де университеттермен және білім алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

·  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік профессорларды тарту» бағдарламасы аясында шетелдік профессорлардың сапарын ұйымдастыру;

·        докторанттарға консультациялық қолдау көрсету үшін шетелдік ғылыми консультанттардың сапарын ұйымдастыру;

·        қосдипломды білім беру жүйесі аясында шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

 

«Ғылыми тағылымдама» бөлімі

Магистранттар үшін:


Магистранттың ғылыми тағылымдамасы ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет бағыттарындағы ұйымдарда инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында өткізіледі.

Ғылыми тағылымдама халықаралық рейтингтерге енген, оның ішінде тиісті бағыт (by Subject) бойынша жетекші ғылыми ұйымдарда және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте қабылдаушы тарап жіберуші тараппен шарттық негізде ынтымақтастық орнатуы тиіс.

  • Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келуі тиіс.

Магистранттың ғылыми тағылымдамасының ұзақтығы жол жүру уақытын қоса алғанда 14 күнтізбелік күнді құрайды және оқу кезеңі ішінде бір реттен аспайды. Магистрантты ғылыми тағылымдамаға жіберу университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.

Ғылыми тағылымдаманы рәсімдеу үшін білім алушы болжамды іссапар күніне дейін 5 (бес) апта бұрын (жақын шетелге), 7 (жеті) апта бұрын (алыс шетелге) Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.


Магистратура бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтудің қағидалары мен тәртібі:

https://drive.google.com/file/d/1d_Am18oV-ATfn7gn7BjCIkj2Lflacdiu/view?usp=sharing

 

Докторанттар үшін:


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ҒЗЖД (ЭЗЖД) шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет бағыттарындағы ұйымдарда, оның ішінде шетелде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өту көзделеді.


Ғылыми тағылымдама:


  • халықаралық рейтингтерде алғашқы 1000 орынға немесе тиісті бағыт (by Subject) бойынша алғашқы 200 орынға кіретін жетекші шетелдік ғылыми ұйымдарда және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте қабылдаушы тарап жіберуші тараппен шарттық негізде ынтымақтастық орнатуы тиіс;
  • тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына, докторлық диссертация тақырыбына және шетелдік консультанттың жұмыс орнына сәйкес келуі тиіс.

Докторанттың ғылыми тағылымдамасының ұзақтығы кемінде 30 күнтізбелік күнді құрайды және оқу кезеңі ішінде екі реттен аспайды.

Докторанттар шетелдік ғылыми тағылымдаманы шетелдік консультанттың жұмыс орны бойынша өтуге міндетті.

Ғылыми тағылымдаманы рәсімдеу үшін білім алушы болжамды іссапар күніне дейін 5 (бес) апта бұрын (жақын шетелге), 7 (жеті) апта бұрын (алыс шетелге) Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

Докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтудің қағидалары мен тәртібі:

https://drive.google.com/file/d/11HzQnWk-eTcxVchCo26OwpnJSvR9cOrD/view?usp=sharing


Ғылыми тағылымдамаға қатысты туындайтын сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға немесе байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады:

Достық даңғылы, 13, 102А кабинет

WhatsАpp – 87787352205 

E-mail – y.talgatov@abaiuniversity.edu.kz

 

«Академиялық ұтқырлық» бөлімі


Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) білім алу немесе ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында ауысуы, сондай-ақ игерілген білім беру бағдарламаларының кредит түрінде өз университетінде қайта есептелуі міндетті түрде жүзеге асырылатын процесс.


Сыртқы академиялық ұтқырлық:

Сыртқы академиялық ұтқырлық – студенттердің шетелдік университеттерде оқуы, сондай-ақ оқытушылар-зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс істеуі.


Бағдарламаның мақсаты – халықаралық байланыстарды нығайту, білім беру сапасын арттыру, студенттер мен оқытушылардың тілдік және мәдениаралық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ халықаралық ортада академиялық және кәсіби тәжірибе алу.

 

Студенттер үшін мүмкіндіктер:


  • Таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша шетелде оқу;
  • Шетел тілдерін табиғи тілдік ортада меңгеру;
  • Қабылдаушы университеттегі халықаралық жобаларға, конференцияларға және студенттік өмірге қатысу;
  • Шетелде өткен пәндердің өз университетінің жеке оқу жоспары аясында кредитке есептелуі;
  • Кәсіби және жеке дамуды кеңейту мүмкіндіктері.

 

Қатысу шарттары:


  • Студент бакалавриаттың 1, 2 немесе 3 курсында (тек күзгі семестр үшін), магистратураның 1 курсында немесе докторантураның 1, 2 курсында оқуы тиіс;
  • Жақсы академиялық көрсеткішке ие болуы және орташа балл (GPA) төмендегідей болуы қажет:
    • өз қаражаты есебінен оқу үшін – кемінде 2,67 (екі бүтін алпыс жеті жүздік) балл;
    • университет пен демеушілер қаражаты есебінен қаржылай қолдау алу үшін – кемінде 3,00 (үш бүтін нөл жүздік) балл;
    • республикалық бюджет есебінен қаржылай қолдау алу үшін – кемінде 3,33 (үш бүтін отыз үш жүздік) балл.

 

·        Білім алу процесін сәтті меңгеруге мүмкіндік беретін B2 деңгейінен кем емес шетел тілін меңгеруі қажет (IELTS, TOEFL, TOPIK, DELF, HSK, Test DAF, TOMER және т.б. сертификаттар; нақты талаптарды Халықаралық ынтымақтастық департаментінде нақтылау қажет);

·        Ішкі немесе сыртқы конкурс негізінде іріктеуден өту.

Қаржыландыру:


·      Қабылдаушы университетте оқу ынтымақтастық туралы келісім негізінде тегін жүргізіледі;

·      Кейбір серіктес университеттер ішкі стипендиялар ұсынады;

·      Сондай-ақ студент өз қаражаты есебінен де қатыса алады (келісім бойынша).

 

·         Конкурс барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттары тағайындалуы мүмкін, олар жол шығындары, тұру шығындары, виза алуға арналған шығындар және медициналық сақтандыруды жабады. Немесе университет қаражаты есебінен жол және оқу шығындарын жабуға мүмкіндік беріледі.

·         Қатысушыларды іріктеу комиссиясы үміткерлердің ұсынылған құжаттарын қарастырады және ашық дауыс беру арқылы академиялық ұтқырлық шеңберіндегі негізгі және резервтік тізімдерді Қатысушыларды іріктеу критерийлеріндегі ұпайларға сәйкес қалыптастырады. Негізгі тізімдегі үміткер оқу үшін сапардан бас тартқан жағдайда, оның орны резервтік тізімнің реті бойынша толтырылады. Бас тарту туралы өтініш ерікті түрде жазылады.

Өтінім берудің тәртібі:

1.     Серіктес университеттердің және ашық бағдарламалардың актуалды тізімімен танысу;

2.     Құжаттарды жинақтап, Академиялық ұтқырлық бөліміне тапсыру;

3.     Конкурс іріктеуінен өту;

4.     Номинация жасау және өтінімді шетелдік университетке жіберу;

5.     Сапарға дайындық және сапарға шығу үшін құжаттарды рәсімдеу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар қабылдау жарияланған кезде бөлек көрсетіледі.

 

Серіктес университеттердің географиясы:

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жыл сайын Еуропа, Азия және ТМД елдерінің университеттерінде оқи алады, атап айтқанда:

  • Франция
  • Польша
  • Түркия
  • Қытай
  • Литва
  • Оңтүстік Корея
  • Германия
  • Чехия
  • Словакия
  • Ресей
  • Өзбекстан
  • Қырғызстан
    және басқа елдер.

 

Байланыс деректері:


Академиялық ұтқырлық бөлімі
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 13, 102А кабинет
Электрондық пошта:
a.ussimbekova@abaiuniversity.edu.kz

 

Ішкі академиялық ұтқырлық:

Ішкі академиялық ұтқырлық – студенттердің оқуын, сондай-ақ оқытушылар-зерттеушілердің жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында жұмыс істеуін қамтиды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін деканатқа жүгіну қажет, ол әрі қарай Академиялық ұтқырлық бөліміне бағыттайды.

Ішкі академиялық ұтқырлыққа қажетті құжаттардың тізімі:

https://drive.google.com/file/d/1OwiPqSO78nJu0tIVKK349R1Rdw7wNKOU/view?usp=sharing

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс басталғаны туралы ақпарат Абай университетінің ресми сайтында жарияланады.

Ішкі академиялық ұтқырлыққа қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық департаментімен электрондық пошта арқылы немесе мына мекен-жай бойынша байланысуға болады: Достық даңғылы, 13, 102А кабинет, немесе:

Whatsapp – 87787352205 

Эл.пошта – y.talgatov@abaiuniversity.edu.kz

 

«Шетел азаматтары үшін» бөлімі

 

ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1.     Жеке куәлік / паспорт және оның нотариалды расталған орыс/қазақ тіліндегі аудармасы;

2.     Қаржылық қабілеттілігін растайтын құжат. (Төлемді бөлімге қабылданған жағдайда: жылдық оқу ақысын төлеуге арналған банктік шот көшірмесі);

3.     Білім туралы құжат (аттестат/диплом) — түпнұсқа және нотариалды расталған аудармасы;

4.     Білім туралы құжаттың таныстырылғандығы және нострификациясы туралы куәлік;

5.     № 075-у формасындағы медициналық анықтама + флюорография;

6.     ЖҚТБ/СПИД тестінен өткендігі туралы анықтама;

7.     3x4 өлшеміндегі 6 дана фотосурет;

8.     Бағалар ведомостарынан көшірме — шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға (мысалы, «Педагогикалық ғылымдар») қабылданғандарға;

9.     Білім беру грантын алғандығы туралы куәлік (бар болса);

10. Қазақ ұлттық шығу тегін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының азаматтары емес этникалық қазақтар үшін).

Маңызды! Барлық құжаттар сканерленген түрінде болуы тиіс. Аудармалар мен нотариалды растамалар Қазақстан Республикасының аумағында жасалуы қажет.

2. ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢІ

Университетке қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 тамыз басталып, 25 тамызға дейін жүргізіледі. Шешім ректордың бұйрығымен ресімделеді.


3. УАҚЫТША ТҰРАҚ РҰҚСАТЫ (УТР)

Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары уақытша тұруға рұқсат (УТР) алуы тиіс.


4. УАҚЫТША ТҰРАҚ БОЙЫНША РҰҚСАТ АЛУ, ВИЗАЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰРАҚ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Оқу мақсатында уақытша тұруға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш нысаны;

2. Шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

3. Медициналық сақтандыру полисінің көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

4. Егер қызмет алушы шетелдікке уақытша тұру үшін берілген тұрғын үйдің иесі болмаса, шетелдіктің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;

5. Шетелдіктің саусақ ізі туралы анықтама;

6. Қазақстан Республикасының білім беру мекемесінің өтініші;

7. ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі.


Уақытша тұруға рұқсатты рәсімдеу мерзімдері:

Ø Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан және Тәжікстан азаматтары үшін — Қазақстанға кіргеннен кейін 90 күн ішінде.

Ø Өзбекстан азаматтары үшін — Қазақстанға кіргеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде.


Шақыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Паспорттың көшірмесі;

2. Белгіленген үлгідегі визаға өтініш нысаны;

3. 0,5 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;

4. Бір курстан екінші курсқа оқуға түсу/ауысу туралы бұйрықтан үзінді;

5. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесі (бар болса);

6. Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өтініші бойынша қосымша құжаттар (мысалы, басқа елде тұру құқығын растайтын құжаттар және т.б.)

7. Шақыру құжаттарын студенттің ата-анасы, жақын туыстары немесе уәкілетті өкілдері (тиісті сенімхатпен) ұсына алады.


Виза мерзімін ұзарту тәртібі:

Ø Виза мерзімін ұзарту виза мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Достық даңғылы, 13, 102A кеңсе) арқылы өңделеді. Студенттік визаны оқу мерзімі бір күнтізбелік жылға дейін ұзартуға болады.

Ø Егер төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталуға жақын болса, оны виза мерзімі аяқталғанға дейін 90 күн бұрын азаматтығы бар еліңіздегі тиісті қызметте жаңарту қажет.

Ø Студенттік визаңыздың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын мыналарды ұсыныңыз:

1. Төлқұжат, төлқұжаттың және визаның көшірмелері;

2. Оқуға түсу (немесе ауыстыру) туралы бұйрықтан үзінді;

3. 30 АЕК мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;

4. №3 қосымшаға сәйкес визаға өтініш нысаны;

5. Үй иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе жатақханадан анықтама (мекенжай тіркеу кодын - МТК көрсете отырып);

6. Шетелдіктің саусақ ізі туралы анықтама.


Маңызды! Виза мерзімін ұзартқан кезде шетелдік азаматқа белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. Виза мерзімін алдын ала ұзарту керек немесе студент виза мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын Қазақстан Республикасынан кетуі керек.


Шетел азаматтарының болу ережелері:

Маңызды! Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауы КЕРЕК:

Ø Кіргеннен кейін 2 (екі) күн ішінде Мемлекеттік медициналық сақтандыру басқармасына (Достық даңғылы, 13, 102A кеңсе) келгені туралы хабарлауы және төлқұжатының, визасының және шекарадан өту мөрінің көшірмелерін ұсынуы тиіс.

Ø

Нақты тұратын жерін өзгерткен жағдайда, Мемлекеттік медициналық сақтандыру басқармасына 3 (үш) күн ішінде хабарлауы тиіс.

Ø Виза немесе уақытша тұруға рұқсат мерзімін ұзартуға олардың мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын өтініш беруі тиіс.

Ø Шетелге немесе Қазақстан Республикасының басқа қаласына сапар шеккенде декан орынбасары бекіткен өтініш беру арқылы Мемлекеттік медициналық сақтандыру басқармасына хабарлауы тиіс.

Ø

Жергілікті билік органдарының рұқсатынсыз немесе біліктілік сертификатынсыз жұмысқа орналасуға тыйым салынады.

Ø Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 65 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады, әкімшілік қамауға алынады немесе депортацияланады.

Ø Таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша бойынша оқуға кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын медициналық анықтаманы ұсыну және медициналық сақтандырудың болуы.



Бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылданған шетел азаматтары үшін 2026-2027 оқу жылына арналған оқу ақысы

1

БАКАЛАВРИАТ (барлық білім беру салалары) шетел азаматтары үшін

1 637 543 теңге (жылына)

 

 

Бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылданған шетел азаматтары үшін 2024-2025; 2025-2026 оқу жылдарына арналған оқу ақысы

1

БАКАЛАВРИАТ (барлық білім беру салалары) шетел азаматтары үшін

1 423 950 теңге (за год)

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті (ХЫД): Достық даңғылы, №13 ғимарат, 102A кеңсе;

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-18:00, түскі үзіліс 13:00-14:00.


Қосымша ақпарат алу үшін:
https://drive.google.com/file/d/18OGi8Vjbjf-i2KwQt5yWp6amxgWyBiXM/view?usp=sharing