Департаменттер

«ЮНЕСКО» кафедрасы

Берикханова Айман Еженхановна
Берикханова Айман Еженхановна

ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, Пединновациялар және AR орталығының басшысы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Достық 13, кабинет 407а

brr.aiman@gmail.com

Тарихы

Тарихы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдердің біліктілігін арттыру кафедрасы (UNESCO Chair on Science Education and Teacher Training) 1998 жылдың желтоқсан айында ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі мен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бастамасымен UNITWIN/UNESCO Chairs Programme аясында құрылды.


Құрылған күннен бастап кафедра педагогикалық білім беруді дамытуға, жоғары білікті педагог кадрларды даярлауға және олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған ғылыми-білім беру орталығы ретінде жұмыс істейді.


Кафедра өз қызметі барысында халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын іске асырып, Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдармен және ғылыми орталықтармен тұрақты ынтымақтастық орнатты. Бүгінде кафедра ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Окаяма университеті (Жапония), UNEP, TURKSOY, KERIS және басқа да серіктестермен бірлескен ғылыми зерттеулерді, академиялық алмасуларды, конференциялар мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыруда.

Миссиясы

Миссиясы

Педагогикалық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәжірибені ұштастыру арқылы білім беру сапасын арттыруға және заманауи педагогтерді даярлауға ықпал ету.

Мақсаты

Мақсаты

Педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру, мұғалімдерді даярлау және олардың кәсіби дамуын қолдау, халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту, білім беру саласындағы озық тәжірибелерді тарату.

Негізгі міндеттері
  • педагогика және мұғалімдерді даярлау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру;
  • халықаралық ұйымдармен және жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту;
  • профессор-оқытушылар құрамының және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • инновациялық білім беру технологияларын, Action Research, Lesson Study және трансформациялық оқыту тәсілдерін дамыту және енгізу;
  • халықаралық конференциялар, форумдар, семинарлар, тренингтер және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
  • ғылыми жарияланымдарды, академиялық ұтқырлықты және тәжірибе алмасуды қолдау.