Департаменттер
«ЮНЕСКО» кафедрасы
Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы
– бұл педагогикалық білім берудің сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін тәжірибе жасауға, білім алмасуға және бірлесіп шешім іздеуге арналған алаң.
Біздің миссия:
Білім беру инновацияларын зерттеу мен біріктіру арқылы кәсіби тәжірибені өзгерту және дамыту, оқытушы-зерттеушілерді біріктіре отырып, ғылыми деректер мен тәжірибелік тәжірибеге негізделген озық әдістемелерді әзірлеу және енгізу.
Мақсат:
– әлемдік инновациялық үрдістер мен технологияларды зерттеу және оларды университеттің білім беру үдерісіне тиімді енгізу тетіктерін әзірлеу, практикалық бағыттағы зерттеулер негізінде оқытудың сапасын және болашақ педагогтарды даярлау деңгейін жоғарылату.
1. Университеттің білім беру үдерісін жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық зерттеулерге арналған ғылыми-әдістемелік база әзірлеу.
2. Орталық базасында инновациялық педагогикалық технологиялар репозиторийін құру және оларды оқу үдерісіне енгізудің қадамдық алгоритмін дайындау.
3. Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін және олардың кәсіби тәжірибеге табысты интеграциялануын талдау.
4. ЖОО оқытушылары үшін инновациялық білім беру технологияларын оқыту бағдарламаларын әзірлеу және Action Research (Іс-әрекеттегі зерттеу) негізінде тренингтер мен коучингтер өткізу.
5. Білім беру тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша ПОҚ-ны әдістемелік қолдау жүйесін әзірлеу және оның нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
6. ПОҚ-ты инновациялық қызметке ынталандыру механизмдерін әзірлеу және олардың бағалау жүйесі мен критерийлерін жасау.
7. Педагогтердің инновациялық және зерттеу қызметін бағалау бойынша сарапшыларды даярлау бағдарламасын әзірлеу.