Департаменттер

Ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі

Petamentor — пластик бөтелкелерді 3D-принтерлерге арналған филаментке қайта өңдеу;

ArtFusion — бейнелеу өнеріндегі дәстүр мен технологияны ұштастыратын креативті орталық;

AbaiFresh — табиғи шырындар өндірісі;

Zertte — мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған робототехника курстарын қамтитын STEM-платформасы;

FeltCraft Gallery — қазақтың киіз басу өнерін заманауи заман талабына сай дамыту және экологиялық өнімдерді экспорттау;

Хемофобия — оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыратын қазақ тіліндегі үстел ойыны;

Бірлік шеберханасы — ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған инклюзивті шеберхана;

Smart балалар асханасы — заманауи технологиялар мен тамақтану рационын бақылауға және таңдауға арналған ыңғайлы сервистерді пайдалана отырып, балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған ақылды мектеп буфеті;

TAZAR — экологиялық таза сабын тілікшелері мен балаларға арналған ойыншық-сабындар өндірісі. Жоба қоғамдық орындардағы гигиенаны жақсартуға және ыңғайлы формат пен табиғи құрамның арқасында балаларда қол жуу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.