Департаменттер

Ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі

Кенжебаева Улпан Ермаханбетовна
Кенжебаева Улпан Ермаханбетовна

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі

Қазыбек би көшесі 30, 219 каб.

u.kenzhebayeva@abaiuniversity.edu.kz

Накисбеков Ануар Анарбекович
Накисбеков Ануар Анарбекович

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы

a.nakisbekov@abaiuniversity.edu.kz

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі — Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-техникалық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру бағытында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше.

 Негізгі қызметтері:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми және инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыруды практикада қолдануға жәрдемдесу;

- Университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен ғалымдарының бизнес құзыреттілігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

- Кәсіпкерліктің экожүйесін қалыптастыру, бизнес-клуб ашу және оның жұмысының жүргізілуін қамтамасыз ету;

- ҒҒТҚН коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу және оқу бөлімшелерінің ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған технологияларын іздеу және бағалау;

- ҒҒТҚН нақты объектілері бойынша маркетингтік зерттеулер саласында консультациялық қызметтер көрсету;

- Коммерциялық жобаларды іске асыру;

- Технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасу және инвестициялар тарту мақсатында бизнес өкілдерін тарту.