Департаменттер
Тіркеу кеңсесі
Жазғы семестр білім алушының бастамасы бойынша қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру, Жеке оқу жоспарын түзету, академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою үшін ұйымдастырылады.
Жазғы семестрдің ұзақтығы (6 аптаға дейін) мамандықтар мен курстар бөлінісінде оқу процесінің академиялық күнтізбесімен айқындалады.
Жазғы семестрде Оқуды қаржыландыру оқу нысанына қарамастан (ақылы, грант) студенттің қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Жазғы семестрден өтуге келесі білім алушылар құқылы:
- "жақсы" және "өте жақсы" үлгерушілер (қосымша жеделдетілген оқытудан өту үшін, оның ішінде басқа жоғары оқу орындарының білім алушылары);
- рейтинг-бақылау нәтижелері бойынша аралық аттестаттауға жіберілмегендер;
- өткен академиялық кезеңдер үшін академиялық берешегі бар;
- жекелеген пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнін қоспағанда) қайта оқу есебінен үлгерімнің орташа балын (GPA)арттыру мақсатында курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі ауысу балын жинамаған;
- академиялық демалысты қалпына келтіру, ауыстыру, қайтару кезінде академиялық айырмашылықтары бар.
Білім алушы өзінің логині мен паролі арқылы "Univer" жүйесінде қайта оқуға өтінім беруі қажет.
Тіркеуге 27 ECTS аспайтын пәндер жіберіледі.
Білім алушылар жазғы семестрдің білім беру қызметтерін төлегеннен кейін тіркеу бөлімі жазғы семестрдің кестесін жасайды, оны оқу работе жөніндегі проректор бекітеді.
Жазғы семестрде оқу жетістіктерін бақылаудың барлық түрлері қолданылады: үлгерімді ағымдағы, аралық бақылау, ауызша емтихан түріндегі аралық аттестаттау.
Жазғы семестрдегі студенттердің оқу жетістіктері білімді бақылау және бағалау бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Жазғы семестр кезеңінде игерілген мамандықтың оқу жоспары пәндері бойынша емтихандардың нәтижелері ағымдағы оқу жылында өткен курс үшін ауысу балын (GPA) есептеу кезінде ескеріледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ жазғы семестрінде білім алушылардың академиялық ұтқырлығы шеңберінде оқудан өткен басқа жоғары оқу орындарының білім алушыларына игерілген пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу үшін сертификат, транскрипт беріледі.