Департаменттер
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы
Филология ғылымдарының кандидаты
a.karibekova@abaiuniversity.edu.kz
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
Бөлімнің мақсаты - Қоғамның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлаудағы қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Қоғамда жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу үрдісін ұйымдастыру, бақылау және жетілдіру;
2) Қоғамның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсету миссиясын ілгерілету;
3) білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің өзара әрекеттесуі мен үйлестірілуіне ықпал ету;
4) білім беру үрдісін жетілдіру, ғылым мен білімді біріктіру және әлеуметтік сұраныстар мен еңбек нарығының талаптарына икемді жауап беру үшін заманауи ақпараттық білім беру технологияларын енгізу арқылы білім беруді жаңғыртуға ықпал ету;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша Қоғамның қызметіне қатысу;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу үрдісінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру;
7) Қоғамда оқу жұмысын ұйымдастыру, оқу жоспарларын жетілдіру, аудиториялық қор пен академиялық уақытты ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) сабақтардың жүргізілу сапасы және магистранттардың тәжірибелік дайындығын бақылау.