Педагогика және психология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
«Педагогикалық өлшемдер»
ғылыми-зерттеу зертханасы
ИРН AP19680029 ғылыми жоба аясында «Теория и технология комплексной психолого-педагогической оценки развивающего потенциала образовательной среды школы с использованием международных шкал SACERS (модифицированный вариант)»
Ашылған уақтысы: 10.10.2023 ж.
Филиал лаборатории: 2024 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ районы Түрген қаласында Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепте зертхананың филиалы ашылды.
Зертхананың мақсаты, міндеттері және қызметтері
- «Педагогикалық өлшемдер» зертханасын құрудың негізгі мақсаты «Педагогика және психология» ББТ шеңберінде магистрлік және докторлық зерттеулерді, дипломдық жобаларды дамыту болып табылады.
- Зертхана университеттің ғылыми жобаларын іске асыруда және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы тобына кіретін білім беру бағдарламаларын жақсарту мақсатында тренингтер, оқыту семинарларын өткізу бойынша мектептермен және басқа да сыртқы білім беру ұйымдарымен ынтымақтаса алады.
Зертхананың міндеттері:
- психология және педагогика, педагогикалық өлшемдер, білім беру менеджменті бағыттарында, оның ішінде IRN AP 19680029 «Sakers халықаралық шкалаларын қолдану негізінде мектептің білім беру ортасының даму әлеуетін кешенді психологиялық-педагогикалық бағалаудың теориясы мен тдехнологиясы (модификация нұсқасы)» атты ғылыми жоба бойынша зерттеулер жүргізу;
- Педагогика және психология бағдарламалаы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттарында зерттеулер жүргізу;
- университет, кафедра және мектеп ұйымдарының, даму орталықтарының ынтымақтастығын дамыту мақсатында семинарлар ұйымдастыру.