Педагогика және психология факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

 Педагогика және психология кафедрасы аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде жүзеге асырылуда; әр жылдары халықаралық қос дипломды жобалар іске асырылды:

– Ресейдің Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен магистратураға арналған «Педагогикалық өлшемдер» желілік білім беру бағдарламасы шеңберінде жоба табысты жүзеге асырылуда;

– Индонезияның Джокьякарта мемлекеттік университетімен докторлық бағдарлама бойынша ынтымақтастық орнатылған. Білім беру бағдарламасының түлектері – философия докторы (PhD): Касымова Г.К. (2020 ж.); Бегимбетова Г.А. (2026 ж.). Біліктілікті арттыру бағдарламалары мен халықаралық зерттеулер жүргізіледі.

      2022 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Білім берудегі менеджмент» докторлық бағдарламасы ағылшын тілінде жүзеге асырылып келеді, алыс шетел профессорлары (Veselinov Dimitar; Cristian Ugwuanyi Sanday және т.б.) тартылған.

     Педагогика және психология кафедрасы Visiting Professor бағдарламасы аясында тәжірибелі шетелдік профессорлармен байланыс орнатқан: Cristian Ugwuanyi Sanday (Нигерия университеті, Африка); Cebahatin Gevikbas (Кочман Сыткы университеті, Түркия); Veselinov Dimitar (София университеті, Болгария); академик Гриншкун В.В., Вачкова С.Н., Шиян И.Б. (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей); Е.В. Лопанова (Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей); Triono Brury (UNY Джокьякарта мемлекеттік университеті, Индонезия).

      Ғылыми жобалар аясында тәжірибе алмасу және халықаралық конференциялар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарына қатысу мақсатында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Италия, Германия, Ресей, Өзбекстан, Индонезия, Түркия және басқа да елдердің білім беру ұйымдарымен байланыс орнатқан.

      2023–2025 жылдар аралығында кафедрада «ИРН AP19680029 “Мектептің білім беру ортасының дамытушы әлеуетін халықаралық SAKERS шкалаларын (модификацияланған нұсқа) қолдану арқылы кешенді психологиялық-педагогикалық бағалау теориясы мен технологиясы”» жобасы жүзеге асырылды. Ғылыми жетекшісі – профессор А. Кошербаева.

     Жоба аясында 2023 жылы «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылып, № 41125 (08.12.2023 ж.) авторлық куәлік алынды. 2024 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген қаласындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепте зертхананың филиалы ашылды.

      Зертхана базасында магистрлік және докторлық зерттеулер жүргізіліп, студенттердің дипломдық жобалары орындалады. 2025–2026 жылдары докторлық диссертациялар қорғалды: Алпысбай Л.А. «Мектептің білім беру ортасын өлшеу мен бағалауда болашақ педагог-психологтардың құзыреттілігін дамыту» тақырыбында; Бегимбетова Г.А. (Индонезия, Джокьякарта университеті) «Scientific research and evaluation» бағдарламасы бойынша.

      Жоба нәтижесінде «SACERS-Updated. Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарына арналған SACERS шкалаларының модификацияланған нұсқасы» әдістемелік құралы (№ 49834, 20.09.2024 ж. авторлық куәлік); «Білім беру ортасының сапасын өлшеу және бағалау әдіснамасы (SACERS халықаралық шкалалары негізінде)» атты ғылыми монография (2025 ж.) жарық көрді.

     Жоба авторлары зерттеу нәтижелерімен Жапония, Сингапур, Үндістан, Әзербайжан және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы университеттеріне барып таныстырды.

     Академиялық ұтқырлық аясында кафедраның бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері сырттай академиялық бағдарламаларға қатысады.


Сингапур ұлттық университетіне іссапар
Африка, Еуропа және Америка ғалымдары бас қосқан делегация
Үндістандағы жекеменшік мектепке сапар