Педагогика және психология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. МАНПО академигі
aigera63@mail.ru
«Педагогика және психология» кафедрасы ресми түрде 2014 жылы құрылды. Алайда магистратура мен докторантура мамандығы ретінде 2009/2010 оқу жылынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және докторантура институтының құрамындағы «Психология-педагогикалық мамандықтар» кафедрасында жұмыс істеген (кафедраны педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрғынбаева Б.А. басқарған).
2014 жылғы 1 қарашадан бастап кафедра Педагогика және психология институтының құрамына енді (2024 жылдан бастап – Педагогика және психология факультеті) және қазіргі уақытқа дейін педагог кадрларды үш деңгейлі жүйе бойынша даярлауды жүзеге асырып келеді: бакалавриат, магистратура және докторантура (кафедраны п.ғ.д., профессор Әбдиғапбарова Ұ.М. басқарған).
2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» бағдарламасының түлегі және «500 ғалым» стипендиясының иегері Айгерім Нуралиевна Кошербаева басқарып келеді.
Кафедраның дербес құрылым ретінде қызмет ету кезеңі көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленді. Кафедра жетістіктерінің бірі – магистратураның «Білім берудегі менеджмент» (2017 ж.) сияқты беделді әрі бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; «Педагогикалық өлшемдер» (2018 ж.; Ресейдегі МГПУ-дың Урбанистика және жаһандық білім беру институтымен желілік форматта, Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылды); Францияның Экс-Марсель университетімен бірлескен «Педагогика және психология» докторантурасының қос дипломды бағдарламасы (2018 ж.); Индонезияның Джокьякарта университетімен (2019 ж.) бағдарламалар.
Қазіргі уақытта кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрларды даярлауды жүзеге асырады:
Бакалавриат:
• 6B01101 – Педагогика және психология
• 6B01109 – Педагогика және психология (көптілділікпен)
• 6B01109 – Психология IP
Магистратура:
• 7M01101 – Педагогика және психология
• 7M01103 – Педагогика және психология. Білім берудегі менеджмент
• 7M01102 – Педагогика және психология. Педагогикалық өлшемдер
Докторантура:
• 8D01101 – Педагогика және психология
• 8D01102 – Педагогика және психология. Педагогикалық өлшемдер)
• 8D01103 – Білім берудегі менеджмент (ағылшын тілінде)
Аталған білім беру бағдарламалары тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттіктерінде (IAAR, INQAA және т.б.) аккредиттелген. Кафедраның білім беру бағдарламалары жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен – Оңтүстік Корея, Литва, Германия, Индонезия, Ресей, Болгария, Украина, Түркия, Қытай, Нигерия және т.б. елдермен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы заманауи ақпараттық құралдармен, компьютерлермен және интерактивті панельдермен қамтамасыз етілген. Бұл студенттердің сапалы даярлығын, берік теориялық негіз қалыптастыруды және білім беру стандарттары мен кәсіби орта талаптарына толық сәйкес практикалық құзыреттерді дамытуды қамтамасыз етеді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: 6 педагогика ғылымдарының докторы, 6 педагогика және психология ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 6 педагогика ғылымдарының магистрі. Кафедрадағы ғылыми дәрежесі бар профессор-оқытушылар құрамының үлесі 61,5%-ды құрайды.
Білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы кәсіби және ғылыми даярлықтың жоғары деңгейіне ие; олардың көпшілігі «ЖОО үздік оқытушысы», «Үздік ғылым қызметкері» конкурстарының жеңімпаздары, «Болашақ» және «500 ғалым» беделді стипендияларының иегерлері, MBA бағдарламасының түлектері; ҚР ҒЖБМ ҒҚ гранттық қаржыландыру жобалары мен халықаралық жобаларды басқарады. Оқытушылар пәндердің ерекшелігін терең меңгерген, оқу үдерісіне заманауи білім беру технологияларын, цифрлық құралдарды және инновациялық оқыту әдістемелерін белсенді түрде енгізеді.
Кафедраның жетекші ғалымдары университеттің Педагогика және психология бойынша диссертациялық кеңесінің жұмысына қатысады. Кеңес төрағасы – профессор Тургунбаева Б.А., кеңес төрағасының орынбасары – профессор Кошербаева А.Н., кеңестің ғалым хатшысы – қауымдастырылған профессор м.а. Жундыбаева Т.Н.
Диссертациялық кеңесте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың және еліміздің басқа да университеттерінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының докторанттары докторлық диссертацияларын қорғайды.