Жаратылыстану және география факультеті

«География және экология» кафедрасы

I. Жалпы ережелер

1.1. "Жерұйық" клубы (бұдан әрі - Клуб) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) Жаратылыстану және география факультеті (ЖГФ) жанынан құрылатын географиялық өлкетану бағытындағы ғылыми-танымдық ұйым болып табылады.

1.2. Клубтың мақсаты – 1 курс білім алушыларының туған жер табиғаты мен ұлттық мәдениетке сүйіспеншілігін арттыру, географиялық өлкетану арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

1.3. Клуб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, университеттің жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.4. Клубтың қызметі еріктілік, жариялылық, тең құқылық және достық қағидаттарына негізделеді.

II. Клубтың міндеттері

1. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы географиялық ұғымдарды таныту;

2. Өлкетану материалдары негізінде білім алушылардың ғылыми жобаларын ұйымдастыру;

3. Жергілікті жердің табиғи-географиялық ерекшеліктерін тәжірибелік тұрғыда зерттеу;

4. Ұлттық салт-дәстүр мен экологиялық құндылықтардың сабақтастығын көрсету;

5. Білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту және кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

III. Клубқа мүшелік

3.1. Клубтың мүшелері ҚазҰПУ ЖГФ білім алушылары, оқытушылары және қызметкерлері бола алады.

3.2. Клубқа мүшелік ерікті түрде жүргізіледі.

3.3. Клуб мүшелері клубтың ережелерін сақтауға және оның қызметіне белсенді қатысуға міндетті.

3.4. Мүшелікке қабылдау үшін клубтың үйлестірушісіне өтініш жазу қажет.

IV. Басқару құрылымы

4.1. Клубтың жоғарғы басқару органы - жалпы жиналыс.

4.2. Клубтың күнделікті қызметін үйлестіру үшін жетекші тағайындалады.

4.3. Жетекші клуб қызметінің тиімді жүзеге асырылуына жауап береді және университет әкімшілігімен байланыс жасайды.

4.4. Географиялық- танымдық жорық ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты топтар құрылады.

V. Қаржыландыру және материалдық база

5.1. Клубтың қызметі университеттің қолдауы, демеушілік және өзге де заңды көздер есебінен қаржыландырылады.

5.2. Туристік инвентарь мен жабдықтар университет балансында болады.

5.3. Клуб қаржысының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау клуб мүшелерінің құқығы болып табылады.

VI. Жауапкершілік және ынталандыру

6.1. Клуб мүшелері тәртіп бұзған жағдайда, ескерту, клубтан шығару секілді шаралар қолданылуы мүмкін.

6.2. Клуб жұмысына белсенді қатысқан білім алушылар марапатталады және ынталандырылады.

VII. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Ереже клубтың жалпы жиналысында қабылданады және университет әкімшілігімен бекітіледі.

7.2. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар клуб мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіледі.

7.3. Клуб университеттің географиялық өлкетану бағыттағы саясатына сәйкес әрекет етеді.