Жаратылыстану және география факультеті
«География және экология» кафедрасы
Ұраны: «Ғаламшарды қорғау парыз, өйткені мұндай жоқ басқа!»
1. Жалпы ережелер
1.1 «АЯЛА» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының (бұдан әрі-экоклуб) 10.10.2022 жылы ұйымдастырылды.
1.3 Ұйым Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында, география және қоршаған ортаны қорғау кафедрасында жұмыс істейді.Мекенжайы:Алматы қаласы,Қазыбек би 30
1.4 Ұйым қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және университеттің ішкі ережелері мен нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұйымды ұйымдастыру және дамыту мақсаты
1.2 Ұйым тұрақты даму идеялары мен қағидаттарын насихаттау, экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, жасыл университет контекстінде оқу-зерттеу қызметін жүргізу мақсатында құрылған.
3. Негізгі міндеттер және оларды іске асыру
3.1. Ұйымның негізгі міндеттері:
- студенттердің азаматтық және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- табиғатта өзін-зі ұстау мен сауатты мінез-құлық дағдыларын игеру;
- ұйымның кейінгі мүшелеріне аға мүшелерінің тәжірибесін беру;
- оқушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік белсенділігін волонтерлік және экологиялық іс-шаралар өткізу арқылы арттыру;
- ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, мектептермен бірлесіп студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- дөңгелек үстелдер, пікірталастар, семинарлар, шығармашылық кештер өткізу;
- ұйым қызметін әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми журналдарда насихаттау;
- табиғатты қорғау және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.
3.2. Негізгі міндеттерді іске асыру үшін ұйымның құқықтары:
- іс-шараларды (экологиялық акцияларды)ұйымдастыру және өткізу;
- ақпараттық парақшалар, плакаттар, бюллетеньдер шығару;
- зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүргізу;
- университет студенттерін өткізілетін іс-шараларға тарту;
- фильмдерді түсіру, монтаждау және прокатқа шығару;
- бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдар дайындау;
- көрмелер, кездесулер, экскурсиялар, жорықтар өткізу;
- жалпыға бірдей маңызды экологиялық ақпаратты жинау және тарату.
4. Қызметтің негізгі бағыттары:
- табиғат пен қоршаған ортаны сақтау және зерттеу;
- Алматы қаласы, Алматы облысы жастарының экологиялық бастамаларын қолдау.
- экологиялық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру
- басқа экологиялық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен (жоғары оқу орындары, мектептер, балабақшалар) өзара әрекеттесу іс-қимыл жасау.