Жаратылыстану және география факультеті
Жаратылыстану және география факультетінің
ғылыми-зерттеу жұмыстары
Жаратылыстану және география факультеті өз дамуында «жасыл» экономика
қағидаттарын және Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа алады. Химия, биология,
география және экология салаларындағы іргелі зерттеулерді дамытумен қатар,
факультет ғалымдары тұрақты даму қағидаттарын білім беру бағдарламалары мен
ғылыми тәжірибеге енгізуге бағытталған инновациялық тәсілдер мен әдістемелерді
әзірлейді және жүзеге асырады.
Факультеттің негізгі ғылыми бағыттары:
· Баршаға өмір бойы сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
· Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ету;
· Қалалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
· Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы іс-шаралар;
· Тұрақты экономикалық өсуді және толық жұмыспен қамтуды қолдау;
· Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
· Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру, шөлейттенумен, жердің
деградациясымен және биоалуантүрліліктің жойылуымен күресу.
Қазіргі таңда факультетте 11 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 21 PhD
докторы еңбек етеді. Соңғы үш жыл ішінде оқытушылар тарапынан 71 оқулық пен
оқу-әдістемелік құрал, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 8
монография жарық көрді. Thomson Reuters және Scopus дерекқорларына кіретін
импакт-факторлы журналдарда 203 мақала, ал ҚР Ғылым және жоғары білім
министрлігі ұсынған журналдарда 200 мақала жарияланды.
Факультет ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын
21 ғылыми жобаны, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры қолдаған 14 жобаны және 4
халықаралық ғылыми жобаны жүзеге асыруға қатысуда.
Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институты келесі ғылыми-зерттеу
институттарымен ынтымақтастықты жалғастыруда:
- Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы;
- Металлургия және байыту институты;
- Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;
- А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты;
- Жану проблемалары институты;
- "GreenTech"жасыл химиялық технологиялар институты;
- Ботаника және фитоинтродукция институты;
- География және су қауіпсіздігі институты;
- Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты;
- Зоология институты (ӨМК- ШЖҚ);
- "Қазгидромет" ӨМК;
- "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны және т. б.
Институтта бағыттар бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғау және
тағайындау бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс істейді:
1. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
(6D011300 / 8D01513-Биология)
8D051-Биологиялық және сабақтас ғылымдар
(6D060700 / 8D05101-Биология)
2. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау
(6D011400 / 8D01515 - География)
8D052 - Қоршаған орта
(6D060900/8D05203 - География)
3. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
(6D011200 / 8D01510 - Химия)
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық факультеттің академиялық және ғылыми қызметінің
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол ғылыми зерттеулердің дамуына, білім
алмасуға және түрлі елдердің университеттері мен ғылыми орталықтарымен
серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Факультет Жапониядағы Окаяма университетінің Тұрақты даму мақсаттарындағы
білім беруді ілгерілету орталығымен бірлесіп, ЮНЕСКО-ның қолдауымен келесі
халықаралық жобаны жүзеге асыруда: “Promoting Teacher Education for Climate
Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on
Education for Sustainable Development.”
Жобаға Азияның тоғыз елінің ғалымдары қатысады: Қытай, Үндістан, Индонезия,
Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Тайланд.
Профессор-оқытушылар құрамы Абай университеті (Қазақстан) мен Фудань
университеті (ҚХР) арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Жасыл
технологиялар» халықаралық жобасына қатысуда. Жоба тұрақты даму және
экологиялық жаңғырту саласындағы бірлескен ғылыми тәсілдерді дамытуға
бағытталған.
Жас ғалымдар Венгрияның Ауыл шаруашылығы және өмір ғылымдары
университетінің (MATE) Flagship Research Groups Programme бағдарламасына
қатысып, айналымды экономика жағдайында ауылдық және қалалық аумақтардың
инновациялық дамуы мен өміршеңдігін зерттеуде.
Сонымен қатар факультет Венгриядағы Сечени университетімен (Дьёр қ.)
бірлесіп “SCOPUS Q1/Q2 Publication Project” жобасын жүзеге асырып, жоғары
квартильді журналдарда жарияланымдар санын арттыруға және халықаралық
академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге үлес қосуда.
Оқытушылар әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуде:
George Washington University (АҚШ), University of Illinois Urbana-Champaign
(АҚШ), University of California Davis (АҚШ), University of Reading (Ұлыбритания),
Sapienza – Università di Roma (Италия), Necmettin Erbakan University (Түркия)
және басқа да жоғары оқу орындарында.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер Польша, Жапония,
Литва, Түркия, Өзбекстан және басқа елдердің университеттерінде білім алуда.
Магистранттар мен докторанттар Польша, Беларусь, Ресей, Түркия,
Литва және басқа мемлекеттердің университеттерінде ғылыми тағылымдамадан
өтуде.
Факультет жыл сайын халықаралық ғылыми конференциялар мен жастар форумдарын
ұйымдастырып, ТМД, Еуропа және Азия елдерінің ғалымдарын біріктіреді. Бұл
ғылыми байланыстарды кеңейтуге және озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.