Департаменттер
Жедел-пайдалану қызметі
Жедел пайдалану қызметінің басшысы
293-89-84
t.bekkozhanov@abzaiuniversity.edu.kz
Мақсаты – университеттің материалдық базасын дамыту,
жаңғырту, сақтау және оны функционалдық қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер:
- Қоғамның аудиториялары, кабинеттері мен қызметтері
орналасқан ғимараттары мен үй-жайларында еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы ережелері мен нормаларын, санитарлық нормаларды және өртке қарсы
қорғауды сақтау.
- Қоғамның аудиториялары, кабинеттері мен қызметтері
орналасқан ғимараттар мен үй-жайлардың санитарлық нормалары мен өртке қарсы
қорғау нормаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет
көрсетуді және олардың тиісті жай-күйін қамтамасыз ету.
- Қанағаттанарлық техникалық жай-күйді және қауіпсіз
пайдалануды, жылу және желдету жабдықтары мен жүйелерін, сумен жабдықтауды,
кәрізді және электр жабдықтарын қамтамасыз ету. Профессор-оқытушылар құрамы мен
студенттердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу
- Жабдықтардың, жарықтандырудың, желдету жүйелерінің, сумен
жабдықтаудың және т.б. құрылғылардың жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру.
- Шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен
қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру.
- Қоғамның қызметін қамтамасыз етудің барлық жабдықтары мен
жүйелерін уақтылы тексеруді, сынауды, баптауды ұйымдастыру.
- Қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы және
күрделі жөндеуді қамтамасыз ету.
- Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге бөлінетін қаражаттың
ұтымды пайдаланылуын бақылау
- Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің технологиялық
реттілігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
- Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
техникасының жай-күйін бақылауды, анықталған кемшіліктерді, өндірістік санитария
қағидаларын бұзушылықтарды жоюды жүзеге асыру.
- Қоғамның аумағын, ғимараттарын, құрылыстарын, мүлкін
күзетуді, қоғам аумағында заңнамада белгіленген Құқықтық тәртіп нормаларының
сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу
саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде ҚР ішкі нормативтік
құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.