Филология факультеті

Тлеубекова Ботакөз Тұрғамбайқызы
Тлеубекова Ботакөз Тұрғамбайқызы

Факультет  деканы

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

b.tleubekova@abaiuniversity.edu.kz

Нуптекеева Гульназ Байгонаковна
Нуптекеева Гульназ Байгонаковна

Деканның оқу ісі және ғылыми істер жөніндегі орынбасары

Лингвистикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

g.nuptekeeva@abaiuniversity.edu.kz

Кенесхан Аяжан Бауыржанқызы
Кенесхан Аяжан Бауыржанқызы

Филология факультеті деканының халықаралық-ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары

Магистр

Әлеуметтік желілер:

Instagram

Миссия:

Біз озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде қазіргі заманғы білім беру қажеттілігін болжайтын педагогтарды дайындаймыз.

Біз мұғалім мамандығының беделін арттырамыз және адами капиталды дамытудың драйвері боламыз.

Факультет туралы

1928 жылы университетте физика-математика және лингвистика-педагогика бөлімдерінен тұратын жалғыз факультет болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары лингвистика бөлімінің базасында филология факультеті ашылып, оған 49 студент қабылданды. Факультеттің іргетасын алаш зиялылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов, М.Әуезов және т. б. көрнекті ғалым-қайраткерлер қалады.

Бүгінгі таңда Филология факультеті - бұл қазақ және орыс филологиясын, әдебиеттану мен лингвистиканы оңтайлы үйлестірген классикалық және заманауи білім беру ошағы. Факультетте студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

Факультет  құрылымы

Факультет құрылымына 3 кафедра кіреді:

- Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
- Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы
- Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 

Факультетте оқу үдерісін ұйымдастыру үшін:

- АКТ құралдарымен жабдықталған  30 дәрісхана;
- 45 орындық оқу залы;
-  2 орталық жұмыс жасайды.

Филология факультеті тіл мен әдебиетті, сөз өнері мен мәдениетін оқытатын нағыз шеберхана болып табылады. Мұнда алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың өзін танытуына және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді, өзгермелі әлемде шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

Филология факультеті
1 В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 6B01701  Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) Қазақ тілі Қазақ әдебиеті
2 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 6B01702  Орыс тілі мен әдебиеті Орыс тілі  Орыс әдебиеті
6В01725 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Орыс тілі  Орыс әдебиеті
3 В037 Филология 6B02301  Филология  Қазақ/Орыс тілі Қазақ/Орыс әдебиеті