Филология факультеті

Филология факультеті құрамына 3 кафедра кіреді. Факультетте бакалавриаттың 4 білім беру бағдарламасы, магистратура 4, 6 PhD докторантура бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Білім алушыларға 150 жуық жоғары білікті оқытушы дәріс оқиды, олардың ішінде  25 ғылым докторы, профессор, 61 ғылым кандидаты, доцент, 45 PhD докторы бар. Соңғы жылдары 25-тен астам профессор ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантына ие болды.

Факультет оқытушылары ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды белсенді жүргізуде, соңғы бес жылда 200 аса монография, оқулықтар мен оқу құралдары, 800-ден астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдар шығарылды.

 Жас ғалымдар мен оқытушылардың ғылыммен айналысуға талпынысы жылдан-жылға артып келеді. Халықаралық ғылыми басылымдарға мақала жариялауда жастардың белсенділігі өте жоғары. Өткен оқу жылында факультет бойынша Scopus, WOS базаларында индекстелген журналдарда жарияланған мақалалар  саны өте жоғары.

 PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша 4 кеңес жұмыс істейді.

Факультет алыс-жақын шет елдердегі түрлі тілдік, білім беру және ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультет білім алушылары Польша, Литва, Эстония, Түркия, Қытай, Ресей және т.б. шет елдерде ғылыми тәжірибеден, тағлымдамадан өтеді.

 Студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында институтта ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтқанда: «Сөзтаным», «Тілтаным», «Тағылым», «Жас филолог» клубтары, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылыми-әдістемелік орталық, С.Сейфуллин атындағы ғылыми-шығармашылық орталық   жұмыс істеуде.