Рейтингілер
Атамекен
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізеді.
Рейтинг талапкерлер мен олардың ата-аналарына, жұмыс берушілерге және білім беру мекемелеріне ақпарат беру үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында жасалады.
Бұл рейтинг 19 критерий негізінде қалыптастырылған, олардың ішінде:
- түлектердің мақсатты перспективалары;
- білім беру бағдарламаларының көрсеткіштері;
- білім алушылардың жетістіктері;
- білім мазмұнын бағалау және ЖОО-ның жалпы көрсеткіштері.
Рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындарының сарапшыларымен және қоғам қайраткерлерімен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Рейтинг, ең алдымен, нақты ЖОО-ны аяқтау қорытындысы бойынша олардың алдында қандай мансаптық перспективалар ашылатынын бірден түсінетін білім алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Рейтинг қорытындыларымен Агенттіктің сайт сілтемесі арқылы танысуға болады: https://atameken.kz/ru/