Рейтингілер
Жоғары оқу
орындарының халықаралық рейтингтері - халықаралық және өңірлік деңгейлердегі білім беру қызметтерінің
сапасын бағалаудың маңызды құралдарының бірі.
Халықаралық рейтингтер университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады, жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру қызметінің жаһандық контекстінде қоғамдық баға береді, студенттерді кәсіби қызметке даярлау сапасын бағалайды, жоғары оқу орындарында білім беру, ғылыми және әлеуметтік қызметтің қалай жүзеге асырылатынын көрсетеді. Сонымен қатар, талапкерлерге университет пен оқу бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта Abai University Қазақстанның педагогикалық білімінде көшбасшы орынға ие, әрі жоғары білікті мамандар дайындайды, сонымен қатар, ел ішінде танылып және Орталық Азиядағы өңірлік көшбасшылыққа ұмтылуда.
Абай атындағы ҚазҰПУ университеттердің көптеген беделді халықаралық рейтингтеріне қатысады.
QS бойынша:
- QS World
University Rankings;
- QS Asia
University Rankings;
- QS World
University Rankings by Subject;
- QS
Sustainability Ranking;
- QS Stars
University Ratings.
Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS) - жоғары білім берудің жаһандық секторына қызмет көрсететін жетекші әлемдік жоғары білім беру компаниясы, оның миссиясы болашақ студенттер мен жұмыс істейтін мамандарға білім беру және дағдыларды дамыту саласында дұрыс таңдау жасауға көмектесу болып табылады, бұл олардың мансаптары мен өмірінде әлемнің кез келген нүктесінен табысқа жетуге мүмкіндік береді.
THE бойынша:
- Times
Higher Education World University Rankings;
- Times
Higher Education Asia University Rankings;
- Times
Higher Education Impact Rankings;
Times Higher Education World University Rankings (THE) - әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі, онда белсенді түрде зерттеу жүргізетін университеттер қызметінің барлық бағыттары: оқыту, зерттеу, білім беру және халықаралық өзара іс-қимыл бойынша бағаланады.
UI GreenMetric World University Rankings - Индонезия университетінің рейтингтік жүйесі, оның мақсаты бүкіл әлемдегі университеттердегі «жасыл» кампустың және тұрақты дамудың ағымдағы жағдайы мен саясаты туралы онлайн сауалнама нәтижелерін ұсыну болып табылады.
Осы рейтингтердің әрқайсысының жалпы (институционалдық) нұсқасы, пәндік (арнайы) нұсқалары (соның ішінде бағыттар бойынша жалпыланған), сондай-ақ, кейбір аймақтық нұсқалары бар.
Абай атындағы ҚазҰПУ әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде келесі позицияларды иеленеді:
|
Жылы |
Агенттік
атауы |
Университеттің
әлем бойынша
орны |
Университеттің
ҚР бойынша
орны |
|
|
2024 |
THE Impact Rankings 2024 |
1001-1500 |
4 |
|
|
2024 |
World University Rankings 2025 |
671-680 |
5 |
|
|
2024 |
QS World University Rankings by Subject 2024 |
54 «Білім беру және оқыту» |
1 |
|
|
301-350 «Құқықтану» |
3 |
|||
|
351 «Өнер және гумнитарлық ғылымдар» санаты |
3 |
|||
|
93 «Ағылшын тілі мен әдебиеті» |
3 |
|||
|
101-150 «Философия» |
1 |
|||
|
101-150 «Қазіргі тілдер» |
3 |
|||
|
201-240 «Өнер және дизайн» |
3 |
|||
|
201-250 «Тіл білімі» |
3 |
|||
|
2023 |
Asia University Rankings 2024 |
146 |
5 |
|
|
2023 |
QS World University Rankings: Sustainability 2024 |
1101-1150 |
7 |
|
|
2023 |
UI Green Metric World University Rankings 2023 |
822 |
10 |
|
|
2023 |
World University Rankings 2024 |
681-690 |
6 |
|
|
2023 |
QS World University Rankings by Subject 2023 |
76 «Білім беру және оқыту» |
1 |
|
|
278 «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» |
3 |
|||
|
95 «Ағылшын тілі мен әдебиеті» |
1 |
|||
|
201-250 «Лингвистика» |
3 |
|||
|
2023 |
THE World University Rankings 2024 |
«Reporter» |
- |
|
|
2023 |
The Impact Rankings 2023 |
601-800 |
1 |
|
|
2023 |
THE Asia University Rankings 2023 |
«Reporter» |
- |
|
|
2022 |
QS Asia University Rankings 2023 |
147 |
4 |
|
|
2022 |
QS Stars University Ratings |
4* |
- |
|
|
2022 |
UI Green Metric World University Rankings 2022 |
738 |
8 |
|