Педагогика және психология факультеті
Мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасы
«Лидер» клубында үш бағыт бойынша 12 секция бар:
1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары;
2. Оқушылардың тәрбие жұмысы;
3. Студенттік үкімет.
Клубтың 12 секциясы:
1. Мәдени шаралар;
2. Ғылыми білім;
3. Салауатты өмір салты;
4. Еріктілер;
5. ART;
6. Кино және театр;
7. Тілдерді үйрену;
8. Оқу залы;
9. Дебаттар;
10. Музыка;
11. Туризм;
12. Әлеуметтік желілер, маркетинг (SMM.)
Құрамы:
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Жетекшісі – философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент м.а. Әлімбеков.
«Көшбасшы» клубының мақсаты – студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту; студенттердің оқу-тәрбие үрдісіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ету, кәсіби көшбасшылық сапасын дамыту арқылы қоғам сұранысына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Тапсырмалар:
- ұжымдық жұмыс дағдыларын және кәсіби қарым-қатынастарды дамыту;
- фрустрацияға қарсы тұру, өзін-өзі ынталандыру;
- адами құндылықтар, салауатты өмір салты;
- ұйымдастырушылық, шығармашылық, шешендік қабілеттер;
- бәсекеге қабілеттілікті тану және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;
- білім алуға құштарлығын және өз бетімен ізденуін дамыту;
- салауатты өмір салтын ұстануды түсіну және т.б.;
- уақытты басқару және тиімді ұйымдастыру;
- өзін-өзі басқару;
- педагог-көшбасшы, тәрбиеші-көшбасшыны қалыптастыру.