Математика және физика факультеті
Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары
«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасы (бұдан әрі – Кафедра) «Математика» және «Физика» даярлау бағыттары
бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын
іске асыратын бітіруші кафедра болып табылады. Соған сәйкес, басым
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар осы білім беру
бағдарламаларының ерекшелігімен айқындалады және келесілерді қамтиды:
- жалпы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарында математика мен
физиканы оқытудың әдістемелік жүйесін әзірлеу және дамыту;
- орта және жоғары білім беру деңгейлерінде математика мен физиканы оқыту
тәсілдерін жетілдіру;
- мектеп пен жоғары оқу орны жағдайында физика-математикалық білім беруді
ақпараттандырудың мәселелері мен перспективаларын зерттеу.
Кафедра қызметі математика
және физика саласындағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған ғылыми
негізделген әдістемелік шешімдерді қалыптастыруға, сондай-ақ оқу процесіне
заманауи ақпараттық технологияларды интеграциялауға бағытталған.
Кафедра өздерінің ғылыми
мектептерімен, халықаралық деңгейдегі еңбектерімен, мектептер мен жоғары білім
беру жүйесіне арналған оқу басылымдарымен танымал жетекші ғалым-әдіскерлермен
жасақталған. Олардың қатарында: п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Е.
Әбілқасымова, т.ғ.д., профессор М.К. Шуақаев, п.ғ.д., қауымдастырылған
профессор м.а. Л.У. Жадраева, п.ғ.к., доцент М.И. Есенова, п.ғ.к., доцент Г.О. Қожашева,
п.ғ.к., доцент Е.А. Тұяқов, п.ғ.к., доцент Б.М. Қосанов, п.ғ.к.,
қауымдастырылған профессор м.а. Ж.К. Сыдықова және т.б. бар.
Кафедраның ғылыми әлеуеті
жоғары. Кафедра бойынша ғылыми дәрежелілік көрсеткіші 63,3% құрайды. Кафедрада 3 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты және 7 PhD
докторы қызмет атқарады.
2021 жылдан бастап Абай
атындағы ҚазҰПУ жанында 8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді
даярлау (6D010900/8D01501 – Математика, 6D011000/8D01504 – Физика) бағыты
бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғау және беру жөніндегі
диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Кеңес
төрағасы – профессор А.Е. Әбілқасымова.
Ғылыми жобалар (ҚР ҒЖБМ, гранттар, шаруашылық келісімшарттар)
Ғылыми-зерттеу
қызметін жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) үлесі кафедра
меңгерушісі, профессор А.Е. Әбілқасымовамен, сондай-ақ білім беру саласында
іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін кафедра қызметкерлерімен
ұсынылған. Зерттеулер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен
2023–2025 жылдарға қаржыландырылады, сонымен қатар 2025 жылы Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ішкі жобалары шеңберінде іске
асырылуда.
2025 жылы кафедра профессорлары ҚР Ғылым
және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын келесі тақырыптар бойынша іргелі
және қолданбалы ғылыми жобалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
1. П.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА
академигі А.Е. Әбілқасымова — «Білім беру жүйесінде цифрлық ортаны қалыптастыру
жағдайында мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орнында математиканы оқыту
сабақтастығының іргелі мәселелері» (2023-2025 жж.) тақырыбындағы ғылыми жобаның
жетекшісі. Жобаның орындаушылары — кафедра
қызметкерлері: Л.У. Жадраева, Е.А. Тұяқов.
Жобалардың оқу бағдарламасына енгізілу деңгейі талаптарға сәйкес келеді; ғылыми жобалар мен олардың нәтижелері диссертациялық жұмыстардың тақырыптары мен оқу пәндерінде көрініс табады (мысалы, «7М01501 – Математика», «7М01504 – Физика», «8D01501 – Математика», «8D01504 – Физика» БББ); ғылыми-зерттеу қызметіне студенттер, магистранттар мен докторанттар белсенді тартылуда (20, 21-кестелер).
2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан
қаржыландырылатын 1 ішкі жоба іске асырылуда: «Қазақстандағы математикалық
білім беру дамуының тарихи эволюциясы», жоба жетекшісі: Әбілқасымова Алма
Есімбековна – п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі; Жоба орындаушылары: Қосанов
Бағдат Мақұлбекұлы – п.ғ.к., доцент (ЖҒҚ), Сыдыкова Жайнагүл Қаныйқызы – п.ғ.к.
(ЖҒҚ), Ерженбек Бұлбұл – PhD (АҒҚ), Жанбекова Гүлнұр Ибадуллақызы (ҒҚ).
Қосымша мәліметтер:
Кішігірім посевті гранттар бағдарламасы бойынша
университет грантын алған жас ғалымдар – жоқ;
Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) немесе бизнес
өкілдерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобалар – жоқ;
Университет ПОҚ-ының ҚР ҒЗИ және басқа да ғылыми
ұйымдарының жобаларына қатысуы: PhD, аға оқытушы Ә.А. Қырықбаева «Keruen Plus»
ЖШС-гі ҚР ҒЖБМ жобасының орындаушысы болып табылады.
Үкіметаралық
келісімдер негізіндегі халықаралық коллаборация аясында 1 ғылыми жоба іске
асырылуда: физика-математика ғылымдарының докторы, РҒА академигі, РБА
академигі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің
математикалық логика және алгоритмдер теориясы кафедрасының меңгерушісі,
профессор А.Л. Семенов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігі Ғылым комитетінің «Білім беру жүйесінде цифрлық ортаны қалыптастыру
жағдайында мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орнында математиканы оқыту
сабақтастығының іргелі мәселелері» (2023-2025 жж.) тақырыбындағы жобасының
орындаушысы болып табылады.
Кафедра ПОҚ-ы 1 авторлық куәлік тіркеді;
Оқу эксперименттерін жүргізу үшін кафедра
жанында 3 зертхана (мектеп эксперименті техникасы, инновациялар және
нанотехнологиялар) жұмыс істейді;
Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кафедра аудиториялары қолданыстағы ғылыми жобалар аясында сатып алынған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.
Ғылыми-зерттеу қызметі - 2025
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жобалары және жұмысы
2022-2023 жылдары өткізілген ғылыми іс-шаралар мен конференциялар туралы ақпарат
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру 2022-2023 ж.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру 2023-2024 ж.