Математика және физика факультеті

Хамраев Шерипидин Итахунович
Хамраев Шерипидин Итахунович

Математика және физика факультетінің деканы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

sh.khamrayev@abaiuniversity.edu.kz

Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы
Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а.

zh.orazbekov@abaiuniversity.edu.kz

Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы
Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы

Деканның ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а.

a.moshkhalov@abaiuniversity.edu.kz

Мүсілім Өмірзақ Муратбекұлы
Мүсілім Өмірзақ Муратбекұлы

Деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а

Магистр

o.mussilim@abaiuniversity.edu.kz

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Әлеуметтік желілер:

Instagram

МИССИЯ:

Математика және физика факультеті білім беру мен ғылыми зерттеулерге жаңа әдістемелер мен тәсілдерді енгізе отырып, жаһандану әлемінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Факультет студенттердің кәсіби және жеке құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды, бұл еңбек нарығында тез бейімделуге және ұлттық білім беру мен ғылыми жүйенің дамуына елеулі үлес қосуға ықпал етеді.

Факультет туралы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Абай атындағы ҚазҰПУ) Математика және физика факультеті - тарихы бай  Қазақстанның педагогикалық және ғылыми саласын дамытуға елеулі үлесі бар университеттің көне және жетекші факультеттерінің бірі. Факультет педагогикалық қызметке, сондай-ақ нақты ғылымдар саласындағы инновациялық және зерттеу жобаларына бағдарланған математика және физика саласындағы мамандарды даярлауда негізгі рөл атқарады.

Қазіргі уақытта факультет университеттің Төле би 86 көшесінде  №5 оқу корпусында орналасқан.

Математика және физика факультетінің құрамына 3 кафедра кіреді:

– «Физика»;

– «Математика және математикалық модельдеу»;

– «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі».

Факультеттің оқу корпусында оқу процесін ұйымдастыру үшін:

– 12 физика-техникалық бейіндегі оқу-ғылыми зертханалар;

– 9 компьютерлік клас;

– Сондай-ақ дәріс, практикалық және семинарлық сабақтар үшін интерактивті панельдермен жабдықталған 30-дан астам аудитория бар.

Бұдан бөлек, оқу процесін ұйымдастыру барысында факультет университеттің педагогикалық STEM-паркіне тиесілі материалдық-техникалық базаны, оның ішінде үш оқу зертханасын (робототехника, мехатроника және өлшеу құралдары зертханалары) пайдаланады.

Факультет келесі бағыттарда мамандарды даярлайды:

– «Математика және физика мұғалімдерін (педагогтарын) даярлау;

– «Физикалық ғылымдар»;

– «Математика және статистика».

Біздің факультетте оқудың артықшылықтары

Факультет білім берудің барлық деңгейлері - бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша үздіксіз білім беруді қамтамасыз етеді. Факультеттің білім беру бағдарламаларына көптеген мемлекеттік білім гранттары бөлінеді. Математика және физика пәндерінің мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша білім алушылар жоғары стипендиямен қамтамасыз етіледі. Оқу озаттарына Президенттік стипендия қарастырылған.

Жыл сайын білім алушылар үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша өз нәтижелерін баяндауға мүмкіндік беретін ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылады. Білім алушылардың қызығушылығы бойынша түрлі клубтар жұмыс істейді.

Білім алушылар контингенті 3646 адамды құрайды. Оның ішінде: 3198 бакалавриат студенті, 405 магистрант және 43 докторант. Шетелдік студенттердің үлесі 6%  құрайды. Бұл ретте білім алушылардың 95% - мемлекеттік білім грантының иегерлері.

Оқу процесін ұйымдастыру үшін факультет біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрамнан тұрады. Қазіргі уақытта факультетте 120-нен астам ПОҚ жұмыс жасайды, оның ішінде 91 штаттық оқытушы, 8 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты және 25 PhD, 2 ҚР ҰҒА академигі. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 60 % -дан астамды құрайды.

Факультеттің 8 оқытушысы ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына, сондай-ақ 1 оқытушы «ҚР үздік ғылыми қызметкері» атағына ие болды. Соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша 5-тен астам оқытушы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында бір жылдық шетелдік тағылымдамадан өтті.

Факультеттің ПОҚ ҚР ҚМ қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшілері және орындаушылары болып табылады. Өткен есепті жылдың нәтижелері бойынша 50-тан астам оқытушы өздерінің ғылыми нәтижелерін Web of Scince және Scopus ғылыми базаларында индекстелетін журналдарда жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық

Факультетте халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен 25-тен астам халықаралық шарттар/келісімдер жасалды.

Ғылыми-зерттеу институттарымен (ҒЗИ) ынтымақтастық

Математика және физика факультеті ҚР Ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, онда студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми тағылымдамадан және практикадан өтеді:

– ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Математика және математикалық модельдеу институты;

– ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің академик Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты;

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты;

– ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты.

Кафедра филиалдары

Өндірісте кафедра филиалдарын ашудың мақсаты теориялық оқыту мен практикалық дағдылар арасындағы байланысты күшейту болып табылады, бұл студенттерге білімдерін нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді, олардың жұмысқа орналасуын жақсартады, оқу бағдарламаларын өзектендіреді, ғылыми зерттеулерге ықпал етеді және кәсіпорындарға мамандарды даярлау сапасына ықпал етуге мүмкіндік береді.

  Математика және физика факультеті

1

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

6B01501

 Математика (IP)

Математика

Физика

2

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

6B01504

 Физика (IP)

Физика

Математика

3

В054

Физика

6B05302 

Физика

Физика

Математика

4

В055

Математика және статистика

6B05401

 Математика 

Математика

Физика