Тарих және құқық факультеті

Цифрлық тарих және білім беру халықаралық оқу-ғылыми зертханасы DH&EduLab

Зертхана туралы

Цифрлық тарих және білім беру халықаралық оқу-ғылыми зертханасы (DH&EduLab) 2023 жылғы 11 қарашада құрылды. Зертхананың қызметі тарих ғылымы, цифрлық технологиялар және білім беру салаларының тоғысында жүзеге асырылады. Зертхана цифрлық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын тарихи зерттеулер мен оқыту үдерісіне енгізуге, архивтік материалдарды сақтауға және цифрландыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Миссия

Зертхананың миссиясы — тарихи ақпарат пен дереккөздерді талдау, жүйелеу және визуалды түрде ұсыну үшін цифрлық медиа мен технологияларды, цифрлық әдістерді және деректер ғылымының (Data Science) тәсілдерін пайдалана отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, сараптамалық жұмыстар орындау және консультациялық қызметтер көрсету. Зертхана миссиясының жүзеге асырылуы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім беру, ғылыми және консалтингтік қызметтер саласындағы халықаралық және отандық нарықтағы ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.


Білім беру қызметі

Зертхана оқытушылармен бірлесіп, шығармашылық және мультимодальды тапсырмалар әзірлейді. Бұл тапсырмалар мәдени мұраны цифрландыруды, деректерді визуалды түрде ұсынуды, 3D-модельдеуді, виртуалды шындық технологияларын қолдануды және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуды қамтиды.


Студенттер мен магистранттарға техникалық дағдыларды меңгеруге арналған шеберлік сабақтары өткізіліп, консультациялар беріледі. Сонымен қатар жаңа форматтағы оқу тапсырмалары сынақтан өткізіледі. Прототиптер мен оқу ресурстарын әзірлеу жұмыстарына студент-зерттеушілер мен еріктілер тартылады.


Халықаралық ынтымақтастық

  • HISTOLAB (Еуропа Кеңесі) -тарихи білім беруді қолдауға арналған цифрлық хаб пен платформа. 2024 жылдан бері зертхана Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекетті біріктіретін Еуропадағы тарихты оқыту обсерваториясы мен HISTOLAB платформасының құрамына кіреді.
  • Еуропалық демократия институты, Bard College Berlin (Германия). Зертхана 2026–2029 жылдарға арналған «Europe and Central Asia in the World» жобасының серіктесі болып табылады.
  • Фридрих-Александр Эрланген-Нюрнберг университеті (Германия). Университеттің Шығыс Еуропа тарихы кафедрасымен бірлесіп, «Орталық Азиядағы цифрлық тарих» зерттеу жобасы жүзеге асырылды. Жоба Орталық Азиядағы цифрлық тарих қауымдастығының бастамаларын, тәжірибелерін және даму үдерістерін зерттеуге арналған.
  • Фрайбург университеті (Германия). «Империя, отарлау және көпэтностылық контексіндегі  Хрущев дәуіріндегі тың игеру» жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері зерттеліп, жасанды интеллект дәуірінде тарихты оқытуға арналған білім беру модульдері әзірленуде.
  • Тарту университеті (Эстония). 2024 жылдан бері «Тарих мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығы» бағдарламасы әзірленіп келеді.
  • Варшава университеті және Ұлттық еске алу институты (Польша). Зертхана 1920–1956 жылдар аралығындағы кеңестік депортацияларды кешенді зерттеуге арналған «Rozproszone pamięci. Kompendium sowieckich deportacji» жобасына қатысуға шақырылған.


Ғылыми-ағартушылық іс-шаралар

DH&EduLab студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған шақырылған ғалымдардың дәрістері мен практикалық семинарларын ұйымдастырады.

  • 2026 жылғы 12 ақпан. Аймар Вентсель, профессор, PhD, Тарту университеті (Эстония). Дәріс тақырыбы: «Далалық антрополог: зерттеушінің көзқарасы».
  • 2026 жылғы 8–9 сәуір. «Тарихты жандандыру: Төте жазу 2.0» воркшопы. Ахим Рабус, профессор, Фрайбург университеті (Германия). Дәріс тақырыбы: «Араб графикасындағы қазақ жазба деректерімен жұмыс және оларды зерттеудің заманауи цифрлық тәсілдері». Воркшоп аясында Тарих және құқық институтының цифрлық жобалары таныстырылды.
  • 2026 жылғы 20 маусым. Дитмар Нойтатц, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Фрайбург университеті (Германия). Дәріс тақырыбы: «XIX–XX ғасырлар тоғысындағы Ресейдің иммерсивті презентациясындағы аумақ».
  • 2026 жылғы 20 маусым. Виктор Деннингхаус, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Нордост-институт, Люнебург (Германия). Дәріс тақырыбы: «Леонид Брежнев және „автономист немістер“ қозғалысы».


Жетекші

Б.О. Жангуттин- bzhanguttin@gmail.com

Ғылыми қызметкер

Д.А. Асанова- dassanova@gmail.com

Қауымдастырылған ғылыми қызметкерлер

Е.А. Жалмагамбетов- e.zhalmagambetov@gmail.com

Ш.Т. Нурман- shnurman_64@mail.ru

Цифрлық стипендиат

Ж. Досан- Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, jankerey@gmail.com

Тағылымдамадан өтушілер:

К. Лин – Мидлбери колледжінің (Middlebury College, АҚШ) студенті.

Ю. Маккарти – Мидлбери колледжінің (Middlebury College, АҚШ) студенті.

Мекен жайымыз

Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 (Уәлиханов көшесінің қиылысы), № 10 оқу корпусы, 1-қабат, 13-15 кабинет.

Instagram: https://www.instagram.com/d.historylab/