Тарих және құқық факультеті
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі
kgabit62@mail.ru
Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары
Тарих ғылымдарының кандидаты
g.balakhmetova@abaiuniversity.edu.kz
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі деканның орынбасары
m.azanbayev@mail.ru
Әлеуметтік желілер:
МИССИЯСЫ:
XXI ғасырдың ең озық әдістер мен бағдарламалар негізінде білікті мамандар
даярлау.
Біз мұғалім мамандығының беделін көтеріп, адами капиталды дамытудың драйвері ретінде әрекет етеміз.
Институт туралы
Тарих және құқық институтының шежіресі 1934 жылы құрылған тарих
факультетінен бастау алады. Тарих және құқық институты - бүгінде ел тұғырын
биік ұстап, «Мәңгілік ел» идеясындағы қазақ елінің тарихын асқақтататын,
бабалар ізінен нәр беретін, батырлық рухының негізінде отансүйгіштікке
тәрбиелейтін, ел басқарған хандар мен би-шешендердің тарихи танымын меңгерте
отырып, озық мемлекеттің білім көкжиегіне жетелейтін сапалы білім ордасы.
Қазіргі уақытта институт Жамбыл көшесі 25 мекен-жайы бойынша,
университеттің №10 оқу ғимаратында орналасқан.
Тарих және құқық институтының құрамына 4 кафедра жұмыс жасайды:
- Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы;
- Әлем тарихы кафедрасы;
- Құқықтану кафедрасы;
- Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы;
- Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы кафедрасы.
Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде біздің түлектер келесі
мекемелерде жұмыс істей алады:
- мемлекеттік басқару секторында;
- мемлекеттік қызметте (ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде);
- құқық қорғау органдарында;
- ұлттық компанияларда;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде;
- білім және ғылым саласында, мәдени-ағарту саласында;
- жоғарғы және орта білім беру жүйесінде, білім беру саласындағы әкімшілік
жұмыстар мекемесінде.
Біздің институтта оқудың артықшылықтары
Институт білім берудің барлық деңгейлерінде - бакалавриат, магистратура
және докторантурада үздіксіз білім береді. Үздік студенттерге Президенттік
стипендия тағайындалады. Студенттер үшін жыл сайын ғылыми-тәжірибелік
конференциялар ұйымдастырылады, онда олар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз нәтижелерін
баяндауға мүмкіндік алады. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі
үйірмелер жұмыс істейді.
Оқу процесін ұйымдастыру үшін институт жоғары білікті
профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта институтта
133 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 2 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 22
ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 6 PhD докторы, 55 магистр, аға оқытушы,
оқытушы. Ғылыми потенциал 59%, орта жас-48.
| Бакалавриат | ||||||
| 1 | В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | 6B01406 | Құқық және кәсіпкерлік негіздері | Дүниежүзі тарихы | География |
| 2 | В015 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерін даярлау | 6B01601 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | География |
| 6B01610 | Тарих-қоғамтану (IP) | Дүниежүзі тарихы | География | |||
| 3 | В032 | Философия және этика | 6B02201 | Философия | Дүниежүзі тарихы | География |
| 4 | В033 | Дінтану және теология | 6B02203 | Дінтану және cаясат | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
| 5 | В034 | Тарих | 6B02202 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | География |
| 6 | В038 | Әлеуметтану | 6B03103 | Әлеуметтану | Математика | География |
| 7 | В039 | Мәдениеттану | 6B03102 | Мәдениеттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
| 8 | В040 | Саясаттану | 6B03104 | Саясаттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
| 9 | В049 | Құқық | 6B04202 | Құқықтану | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |