Инновацияларды дамыту және ғылыми  кадрларды даярлау департаменті

Жобалық кеңсе – университеттің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді және ғылыми жобаларды ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше.

Жобалық кеңсе ғылыми жобалар мен жобалық топтардың қызметін үйлестіреді, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын, университетішілік ғылыми жобаларды іске асыруды ұйымдастырады, ғылыми жобаларға мониторинг пен нормобақылау жүргізеді, профессор-зерттеушілер мен постдокторлық бағдарламаның қызметін үйлестіреді, ғылыми зерттеулер бойынша жылдық есептер мен ақпараттық материалдарды дайындайды, сондай-ақ QS рейтингі және басқа рейтингтік агенттіктер үшін материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді.