Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаменті
Ақпарат
2019 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып жетекші ғалымдарды тарту, университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және нығайту, сондай-ақ ғылыми мектептерді қолдау мақсатында профессор-зерттеуші лауазымын енгізді.
Профессор-зерттеуші лауазымына ғылыми қызметпен белсенді айналысатын, ғылыми мектептердің қалыптасуы мен дамуына үлес қосатын, ғылымның басым және жаңа бағыттарын дамытуға ықпал ететін қазақстандық және шетелдік ғалымдар тағайындала алады.
Профессор-зерттеушілердің ғылыми қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулердің келесі басым бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
- педагогика ғылымдары;
- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
- жаратылыстану ғылымдары.
Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да 18 профессор-зерттеуші ғылыми қызмет атқарып, университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға, жас зерттеушілерді даярлауға, ғылыми мектептердің сабақтастығын қамтамасыз етуге және университеттің ұлттық әрі халықаралық ғылыми беделін нығайтуға елеулі үлес қосуда.