Аккредитация

Аккредитация –  бұл ЖОО қызметінің сапасын тұтастай немесе ЖОО-ның жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеу органы белгілі бір стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін бағалайтын процесс («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. № 319-III Заңы).

Стандарттар мен өлшемдерді әрбір аккредиттеу органы өз бетінше анықтайды.

Аккредиттеудің түрлері:

-  институционалдық

-  бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу.

Институционалдық аккредиттеуден өту университетке бірнеше мүмкіндіктер береді:

-  Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

-  Университеттің білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.

-  Өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.

-  Ұлттық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

-  Білім беру гранты негізінде мемлекеттің қаржыландыруын алу.

-  Университет туралы ұстанымын, имиджін және қоғамдық пікірін арттыру.

-  Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету.

-  Білім беру бағдарламаларын басқару арқылы білім беру процесін басқару.


Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуден өту университетке келесідей мүмкіндіктер береді:

-  Университет дипломдарын тану және түлектерді шетелде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.

-  Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

-  Білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.

-  Халықаралық білім беру нарығында бәсекеге түсу, жоғары білім берудің әртүрлі жүйелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру.

-  Өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.

-  Білім беру қызметтерінің ұлттық нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

-  Мемлекеттік білім беру гранты негізінде қаржыландыру алу.

-  Білім беру бағдарламалары туралы позицияны, имидд бен қоғамдық пікірді арттыру.

-  Білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету.

-  Білім беру бағдарламасын басқару арқылы білім беру процесін басқару.